Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Психологиялық кеңес беру айлығы туралы.

Автор: admin от 3-02-2020, 00:04, посмотрело: 96

0

    Әл-Фараби орта мектебінде  Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің 13.01.2020 жылдың хатына сәйкес  мектепте психологиялық кеңес беру айлығының жоспары құрылып, бекітілді.Жоспар бойынша 14 қаңтар күні  мектеп  психологтары Р.С.Алимбекова мен  Г.Т.Касымбекова  «Мейірімді жүрек- жылы тілек» тақырыбында психологиялық апталықтың ашылу салтанатына  6-7, орыс сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырды. Флешмобқа 25 оқушы қатысты.

14 қаңтар күні 6-шы сынып оқушыларымен жеткіншек жастағы оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау үшінпсиходиагностика жүргізу үшін сауалнама алынды. Алынған  сауалнаманың қорытындысы жасалды.

15  қаңтар «Мен  өмірді  сүйемін» тақырыбында мектеп  психологтары

 Р.С.Алимбекова, Г.Т.Касымбекова  тренинг жүргізді.

16 қаңтар күні  «Баршаға бақыт тілейміз» 5-7 сынып оқушыларымен акция  өткізілді.

20 қаңтар «Отбасым алтын діңгегім» 6-11 сынып оқушыларымен «Мен өз отбасыммен» тақырыптарында  эссе жазу байқауы өткізілді.Эссені үздік жазған оқушылар саны 3-4 сыныптан - 25 оқушы, 5-7 сыныптан 10 оқушы, 8-10 сыныптан- 20оқушы. Барлығы-55.

22 қаңтаркүні 5-7 сынып оқушыларымен «Ашу дұшпан –ақыл дос», «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз»   тақытыптарында  Р.С. Алимбекова ,

 Г.Т.Касымбекова психологиялық тренингтер жүргізілді.

24 қаңтар «Бала  біздің  болашағымыз!» тақырыбында  педагог –психолог  Алимбекова Р.С.,Касымбекова Г.Т. ,ата-аналарға  кеңес  берді. «Ата ана  мен бала  арасындағы қарым  қатынас»тақырыбында  ата-аналармен тренинг  жүргізді.

29 қаңтар «Мен таланты  жанмын» тақырыбында   оқушылар  сурет салу байқауы өткізілді.

Психологиялық кеңес беру айлығы туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

Категория: Мектеп өмірі

 

Мектеп асханасындағы ашық есік күні

Автор: admin от 1-02-2020, 15:03, посмотрело: 94

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің асханасында 2020 жылдың 30-шы қаңтар күні ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнінде ата-аналар ас мәзірімен танысып,ыстық тамақтың ұйымдастырылуын көрді.

 

 

 


 


Категория: Мектеп өмірі, Ыстық тамақ

 

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 27-31 қаңтар аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 31-01-2020, 01:15, посмотрело: 44

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу мақсатында перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылып, бақылау жұмыстары жүргізіліп, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес сараптамалық топ мектеп асханалары жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, бракераж комиссиясының тамақтануға қатысты құжаттарының рәсімделуіне зерделеу жүргізді.Мектеп асханасында "Ас болсын", "Астарыңыз дәмді болсын!", "Салауатты тамақтану", Асхана бұрышында перспективалық және апталық ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақытысы, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Ата-аналардың шағымдарымен ұсыныстары жазылған журнал жүргізілген.


Категория: Ыстық тамақ

 

«Мен OFFLINE» республикалық акция туралы мәлімет

Автор: admin от 28-01-2020, 01:48, посмотрело: 224

0

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020  жылдың  26 қаңтары Халықаралық интернетсіз күн «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды акциясының өткізілетіні   жарияланды. Осыған орай  мектепте  «Мен OFFLINE» іс - шаралар жоспары жасалды. 21  қаңтар күні «Мен OFFLINE» акциясының ашылу салтанаты болды. Мектеп кітапханасында және оқу кабинеттерінде « Интернетсіз өмір» атты бұрыштар  ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер « Интернетсіз бір күн» тақырыбында тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, өткізді. 22 қаңтар күні  1-4  сынып оқушыларының арасында « Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?»  атты сурет байқауы ұйымдастырылды. 5 -11  сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Мектептің  оқушылары бұл акцияға белсене қатысты.

«Мен OFFLINE» республикалық акция туралы мәлімет

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 
 
 

Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» туралы мәлімет

Автор: admin от 24-01-2020, 04:43, посмотрело: 164

0

2020 жылдың  24  қаңтар күні сағат 10:00 де Әл – Фараби атындағы орта мектепте  «Адалдық сағаттары» бірыңғай  жалпыреспубликалық  акциясы өтті. 

Іс-шараның  негізгі мақсаты:қоғамда,әсіресе жастар арасында «парасаттылық,әділдік,шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

2050  жылы 30 дамыған елдердің қатарына қосылған, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыра, парасат пайымы ұшқыр, жан жақты тұлғалардың санын көбейтуге ат салысу болып табылады.Бұл іс-шараға 5-11 сыныптың оқушылары  толық қамтылды. 5-8   сынып оқушыларының арасында  сынып сағатары,  9 -11 сыныптар арасында лекция,кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға , 9 -11 сыныптардың оқушылары,мектеп әкімшілігі қатыстырылып,қонақ ретінде ауған соғысының ардагері Алексей Иванович Шамшура шақырылды.

Шара барысында лекторлар адамзаттың бойында бұрыннан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін айтып, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен тұлғалардың туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды«Еріктілер жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді.

 «Адалдық сағатында» оқушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Жас суретшілер» үйірмесінің көрмесі туралы мәлімет

Автор: admin от 17-01-2020, 05:06, посмотрело: 134

0

16  қаңтар күні  Әл Фараби атындағы  орта мектепте «Жас суретшілер» үйірмесінің жетекшісі Шуратбаев Б.А.    және «Мастерица»  үйірмесінің  жетекшісі Буенбаева Г.Т. мектептің  акт залында көрме ұйымдастырды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын  көрмеге орналастырды. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды көрмеден көрген оқушылар    қуаныштарын жасыра алмады.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Құқық бұзушылықтың «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткен жиналыстың мәліметі

Автор: admin от 17-01-2020, 04:35, посмотрело: 133

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігінің,мектеп инспекторының, 8 -11 сыныптар арасындағы оқушылардың қатысуымен 2020 жылдың 14-ші қаңтар күні «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен 8-11 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа жалпы:105 адам қатысты.Жиналыс барысында сабақтан себепсіз қалу және кешігу, сабақ үстінде телефонмен сөйлесу, кәмелетке толмағандардыңтүнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын сауық орындарында болуында құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

\

 

 

Құқық бұзушылықтың «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен 8-11 сынып оқушылары арасында өткен жиналыстың мәліметі

 

Категория: Мектеп өмірі