Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын
01
сентябрь
2023

Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын

Шу ауданы Әл Фараби атындағы орта мектебінде Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жиынға Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы мен ардагер ұстаздар қатысып, оқушылар мен ата -аналарға жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Нетаева Ельмира Аяғанқызы салтанатты жиынды ашып, мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып бүлдіршіндерді, ұстаздар мен оқушыларды, ата - аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, келер оқу жылында мектеп оқушылары мен ұстаздарға толағай табыстар білдірді. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер өздерінің құттықтауларын жолдады. 1-сынып бүлдіршіндердің алғашқы қоңырауы соғылып, алғашқы сабаққа шығарып салынды. Бүлдіршіндердің алғашқы сабағына Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы қатысып, оқушыларға жақсы тілектерін білдірді. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Әділетті Қазақстан : сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаттарын өткізілді.