Cоңғы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Cоңғы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны
25
май
2021

Cоңғы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны

Әл-Фараби атындағы орта   мектебінде  25 мамыр күні сағат 9.00 де санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, 2020-2021 оқу жылының "Сәт сапар, жас түлек!" атты соңғы қоңырау  мерекелік  салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиын барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. 
Алғашқы салтанатты жиында  сөз кезегін мектеп директоры Нетаева Елмира Аяганқызы құттықтау сөзімен бастады,  түлектерге сәт сапар тіледі. Салтанатты жиында 11сынып оқушыларының аты аталып,екпінділер мен озаттар туралы мәлімет айтылды. Сонымен қатар дарынды балалардың жетістіктеріде тыс қалған жоқ.
Салтанатты жиын "Соңғы қоңырау"әнімен ашылды.
Бұл оқу жылы кездескен қиындықтарға қарамастан өз жетістіктерімен есте қалды. 2020-2021оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқыған оқушылар Мақтау қағазымен марапатталды,сонымен бірге жыл бойы мектепішілік  іс-шараларға Алғыс жарияланды.
Онлайн конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар аталып өтті.Мектеп түлектері әр түрлі жарыстарда көрсеткен белсенділігі үшін марапатталды.
Мектебіміздің жылдан жылға беріліп келе жатқан дәстүрі бойынша мектеп бітіруші 11сынып оқушылары 10сынып оқушыларына салтанатты түрде "Білім кілтін"табыстады.
 Оқушылардың ата-аналары ұстаздар мен бітіруші түлектерге алғысын білдірді.
Жүректері лүпіл қаққан,өмір жолының алғашқы қаламында тұрған жас түлектер сапалы білім мен саналы тәрбие берген аяулы ұстаздарына шәкірттік жүректен алғыстарын білдірді.
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымына "Соңғы қоңырау" мерекесіне орай аудандық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Қасымқызының "АЛҒЫС ХАТЫН" аудандық білім бөлімінің әдіскері Аметқызы Сержанкул ханым арнайы келіп табыс етті.
2020-2021оқу  жылы барысында  Әл-Фараби атындағы орта мектеп ұжымының жасаған нәтижелі жұмысы бағаланып,аудандық білім бөлімінің басшысы Жинакбаева Мүбәрак Қасымқызының Алғыс Хатымен марапатталды.
Шу ауданының білім бөлімінің әдіскері Аметқызы Сержанкул ханым  мектеп ұжымын құттықтап, Білім саласында атқарып жүрген  қажырлы еңбектеріңіз бен Жастарды білімге жетелеудегі игі істеріңіздің  көп боларына сенімін білдірді!!!
Оқушылар іштей тілектерін тілеп,көк аспанға шар ұшырды.Соңғы қоңырауға арналған жиын өзіндік ерекшелігімен,әсерлі көңіл күймен есте қалды. Түлектер  "Мектеп вальсі" биін биледі.Көңілде- алып ұшқан сағыныш, жүректе- жылу, тебіреніс пен толғанысқа толы соңғы қоңырау соғылды. "Соңғы қоңырау"мерекесі  11-сынып  түлектері үшін мәңгі есте қаларлық ерекше күн болғаны сөзсіз.