Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы
22
май
2021

Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы

Әл-Фараби  атындағы орта мектебінде  22 мамыр күні, сағат 9:00- де карантин талаптарын сақтай отырып, мектебімізде  жалпы республикалық ата-аналар  жиналысы жүргізілді. Ата-аналар жиналысы педконсилиум форматында ұйымдастырылды.
Бірінші ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналар  жиналысы сағат 9.00-10.00ге дейін ұйымдастырылды.
Екінші  ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналар жиналысы сағат 10.00-11.00 ге дейін ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналарды балаларының жетістіктерімен таныстыру, жылдық жұмысты қорытындылай отырып, жазғы мектептің маңыздылығын түсіндіру.   Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2020-2021оқу жылының  қорытындысы.
2.“Жазғы мектетің жұмысы және маңыздылығы " түсіндірме жұмысы 3."Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары мен құқық бұзушылықтың алды алу"түсіндірме жұмысы.
Мектеп директоры Е.А.Нетаева 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін беріп, ата-аналарға жазғы мектептің қандай мақсатта ұйымдастырылып жатқанын толыққанды түсіндіріп өтті.Ата-аналарға балаларының жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар ДТІЖО Тулегенова Ш.А оқушылардың жаз мезгіліндегі су, өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп ата-аналар тарапынан жауапкершілікпен қарауға шақырды.