«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық ата-аналар жиналысы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық ата-аналар жиналысы
20
август
2020

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық ата-аналар жиналысы

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасын негізге ала отырып, Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың  тамыз айының 20-ы күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» атты тақырыпта мектеп директоры Елмира Аягановна Нетаеваның ұйымдастыруымен бірыңғай қашықтан  жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі және ата-аналар  қатысты. Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар етіп, ата-аналарға арнайы тақырып бойынша дайындалған жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы қашықтан zoom платформасы арқылы жүргізілді. Жиналыстың өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтына және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. 

Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету 

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар: 

1.         Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. 

2.         Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау. 

3.         Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны. 

4.         Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу. 

5.         Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі. 

6.         Баланың оқу режимі және демалысы. 

7.         Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады? 

8.         Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер. 

9.         Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы  ережелерімен таныстыру 

10.       Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.