«Қауіпсіз мектеп» акциясы туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қауіпсіз мектеп» акциясы туралы мәлімет
15
сентябрь
2018

«Қауіпсіз мектеп» акциясы туралы мәлімет

 

«Қауіпсіз мектеп» акциясының жоспары негізінде өткізілген

ата-аналар жиналысы  туралы мәлімет

 

     Әл-Фараби  атындағы орта мектебінде  «Қауіпсіз мектеп» акциясының іс-шара жоспарына сай 8 қыркүйек күні 1-11 сынып ата-аналарына «Балалар қауіпсіздігі, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, темекі шегудің, мас күнемдіктің алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау » тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа барлығы 98 ата-ана мен  35 мұғалім қатыстырылды. Жиналыс барысында Мектеп директоры Е.А.Нетаева сөз алып,  ата-аналарды акцияның мақсатымен таныстырып, балалардың арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ата-ана мен мектептің міндеті екенін айтты.

Жиналыс барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Б.Т.Тастанбекова ата-аналарға жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу тақырыбы бойынша баяндама оқып, ата-аналарды     Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінің 12-тарауының /Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар/ 127 бабымен /Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы /, 25-тарауының /Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар/ 435-бабы /Ұсақ бұзақылық/, 442-бабы /Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс болуы/,  448-бабымен  /Кәмелетке толмағандардың вандализмі/ таныстырды.

      Мектептің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.И.Гладченко  түрлі төтенше жағдайлар кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға өрт кезіндегі, су тасқыны кезіндегі және жер сілкінісі кезіндегі  іс -әрекеттер туралы түсінідіріп, жадынамалар таратып берді.

              Сонымен қатар, мектеп психологтары С.Амреева, М.Қасымбекова «Жаасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» туралы айтып, ата-аналарға қосыма кеңестер берді.

 

 

 

 

«Қауіпсіз мектеп» акциясының жоспары негізінде өткізілген

«Қауіпсіздік шұғыласы » атты сурет байқауы  туралы мәлімет

           Мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арсында қауіпсіздік шараларын жетілдіру үшін  «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріп-тұрудың негізгі ережелерін білуге қызығушылықтарын арттыру. Сурет байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында болды. Байқауға жалпы саны- 18 оқушы қатысты. І орын- Әнепия Жания (5-сынып), ІІ орын-Кафарова Ислима (6-сынып), ІІІ орын- Аразова Дильназ (5-сынып). Оқушыларды мектепішілік оқушылар жиналысында мақтау қағазымен марапатталды. 

 

 

 

Plan-mesyachnika.doc [43 Kb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: Plan-mesyachnika.doc