Бірыңғай қашықтан сынып сағаттарын өткізу туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірыңғай қашықтан сынып сағаттарын өткізу туралы
03
апрель
2020

Бірыңғай қашықтан сынып сағаттарын өткізу туралы

ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылдың31-ші наурыздағы :121 бұйрығының негізіндеӘл-Фараби атындағы орта мектебінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы әр оқушыларын ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың3-ші сәуірінде  сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптарының және 1-4 бастауыш сыныптарының,сағат 12.00 де 5-9 сыныптарының, сағат 14.00 де 10-11 сыныптарының тәрбиеленушілерімен оқушылары үшін «Мен қашықтан қалай оқимын?»,  «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?" атты тақырыпта бірыңғай қашықтан  сынып сағаттары өткізілді. 

 Сынып сағатының міндеттері:                 

- әрбір мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін; 

- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әр түрлі практикалық және теориялық білім мен іскерлік дағдыларын; 

- Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарын; 

-COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. 

Сынып сағаты барысында әр сынып жетекші арнайы слайд арқылы дайындаған ақпараттарын электрондық журналдар мен күнделіктер жүйелеріндегі чаттар, форумдар kundelik. Kz және сондай-ақ, Whatsapp,Google Hangouts жүйелері арқылы оқушыларға таратты. Оқушылар өз кезегінде бейне сюжет, дыбыстық жазба, фото және жазбаша жазу арқылы аталған тақырып төңірегінде сынып сағаттарына кері байланыстарын берді. Сынып сағаттарының өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтына және фейсбук желісіне орналастырылды.