«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық педагогикалық кеңесі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық педагогикалық кеңесі
19
август
2020

«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық педагогикалық кеңесі

Жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасын негізге ала отырып,  Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың  тамыз айының 19-ы күні «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» атты тақырыпта мектеп директоры Елмира Аягановна Нетаеваның ұйымдастыруымен бірыңғай қашықтан  жалпы республикалық педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске мектеп әкімшілігі және педагог қызметкерлері қатысты.Педагогикалық кеңес барысында мектеп психологының  арнайы слайд арқылы дайындаған психологиялық ұсыныстары берілді. Жалпы республикалық педагогикалық кеңес қашықтан zoom платформасы арқылы жүргізілді. 

Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету 

Педагогикалық кеңесте қаралған күн тәртібіндегі мәселелер: 

1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары; 

2) оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау; 

3) 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары; 

4) қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер; 

а) техникалық дайындық және жұмыс орны; 

б) қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі; 

в) педагог имиджі және этикетті сақтау; 

5) мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу; 

6) жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері; 

7) баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек?