Жалпы ата-аналар жиналысы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы
10
сентябрь
2020

Жалпы ата-аналар жиналысы

  2020 жылдың 10 қыркүйек күні Әл –Фараби атындағы орта мектепте бірыңғай қашықтан  аудандық  жалпы   ата-аналар  жиналысы  онлайн режимінде ұйымдастырылды. Жиналысқа мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатысты. Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар етіп, ата-аналарға арнайы тақырып бойынша дайындалған жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргіздіЖалпы ата-аналар жиналысында  маңызды  екі мәселе қарастырылды. Бірінші мәселе  бойынша  ата-аналарға  короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар туралы  мектеп психологы Алимбекова Р.С. баяндама жасады, сонымен қатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Екінші мәселе бойынша  сөзді директордың оқу-әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары Тунғатаров А.А. алды. Ол өз сөзінде жаңа оқу жылының оқыту ерекшеліктері туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Атап айтқанда, мектептегі бастауыш буындағы  кезекші сыныптар жайлы толық мағлұмат берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулегенова Ш.А.     қазақ  тілінде оқитын 5- 11 сыныптардың  және орыс тілінде оқитын  11 сыныптың  штаттық режимде оқитын айтты. Жалпы  аудандық  ата-аналар жиналысы қашықтан zoom платформасы арқылы жүргізілді. Жиналыстың өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтына және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

  Ата-аналар жиналысының мақсатыкоронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету

Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар:

         1. Короновирустық инфекцияға қарсы профилактикалық шаралар.

         2. Оқытудыңштаттықрежиміндесанитарлықталаптардысақтау

         3. Жаңа оқу жылың ерекшеліктері(Кезекші сыныптар).