Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылы бойынша есебі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылы бойынша есебі
30
май
2023

Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылы бойынша есебі

          Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 2022-2023 оқу жылында жалпы педагог қызметкерлер саны 69 оның ішінде қазіргі таңда 5 педагог қызметкерлер ( Еспембетова М, Басжанова М, Киргизбаева А, Искандарова Г,Раимбаева Ұ) жүктілікке және босануға, бала күтіміне байланысты демалыста отыр. Жұмыс істеп жатқан 64 педагог қызметкерлердің барлығы жоғары білімді. Оның ішінде:жоғары санатты-1, бірінші санатты-1, екінші санатты-2, категориясы жоқ-7 мұғалім.Педагог мұғалім -13,педагог модератор біліктілік санаты-22, педагог сарапшы-11, педагог зерттеуші-7, педагог шебер- жоқ. 

            2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында маман тапшылығына байланысты жалпы 19 педагогпен еңбек шарты жасалды. Олардың ішінде: 5 қоса атқарушы педагогтар, 2 зейнеткер ұстаздар және ҚР Білім және ғылым министрінің  21 ақпан 2012 жылғы №57 бұйрығын негізге ала отырып, мектептің аранайы конкурстық комиссиямен барлығы 12 педагог қызметкерлер жұмысқа қабылданды. Олардың ішінде 4 педагог уақытша негізгі қызметкерлер шыққанға дейін қабылданса, 8 мұғалім тұрақты қабылданды. Мектебімізге 3 жас мамандар келіп, оларға тәлімгерлер бекітіліп, ауқымды жұмыстар жүруде. 

              Зейнет жасына жеткен 2 қызметкер мекемеде жұмыс жасайды. Олармен жасалған еңбек шарты жыл сайын ұзартылған жағдайда 1 жыл мерзімге жасалады. Аталған қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы, сауықтыру жәрдемақысы төленіп отыр.

              ҚР Еңбек кодексінің 28 бабына сәйкес, барлық қызметкерлермен еңбек шарты екі данада жасалып, оның әрқайсысына қол қойылған. Еңбек шарттары оларды есепке алу кітабында тіркелген. 

            2022 жылдың тамыз-қыркүйек айында 9 педагог қызметкерлермен еңбек шарты тоқтатылды. Олардың ішінде: 2 мұғалім өз өтініштері негізінде, 2 мұғалім зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты және 5 қоса атқырушы мұғалімдердің еңбек шартында көрсетілген мерзімнің аяқталуына байланысты болды.

Қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, біліктілік көтеру мен қайта даярлауға жіберілген педагогикалық   қызметкерлердің негізгі жұмыс   орны   бойынша іс сапар шығындарын төлеу мәселесі пандемияға байланысты қашықтықтан оқытуға көшуге орай қызметкерлер оқуға жіберілмеуіне байланысты ешкімге төленген жоқ.

Біліктілікті арттыру курсынан барлық педагог қызметкерлер уақытылы кестеге сәйкес өтіп отырады. 2022 жыл бойынша 19 мұғалім өтті(Тулегенова Ш.А, Жиенбекова Р.Е, Тастанбекова  Б.Т, Тайшабарова А.С, Гладченко С.К, Бакбергенова Г.Б, Агаева Д.И, Джанкулова А.С, Джуманбаева А.К, Карабасова Л.Б, Кашкинбаева Г, Ким. В.В,Джафарова З.Альденбаев Ж. Киргизбаева А, Абдрахманова Д.Т, Акжаргакова Ж.Н, Мырзаханова Ж.С, Қоштай А.С, Дунаев Х.А).



2023  жылдың наурыз айында  денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Дуйсебаев Арман Мергенович Бадыров Камал Ахметович курстан өтті.

2023 жылы курстан өтуге 9 мұғалім жоспарланып отыр мұғалімдер  (Сагырбаев К.Н, Серік Н.М, Исмайлова Д.К, Шамшура А.И, Шуратбаев Б.А, Гладченко Г.И,Сейтова Н.П, Махтым М.Е, Жамхан Ә.С).

Білім беру ұйымдарының педагогикалық және педагогикалық емес қызметкерлерін аттестаттауды Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес ұйымдастырады. Аттестация қорытындылары бойынша педагогикалық қызметкерлерге берілген біліктілік санаттары үшін тиісті қосымшаақылар төленіп келеді. 

БҒМ-нің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №5-18-6/3237-B хатына сәйкес мекемеміздегі педагог қызметкерлер Ұлттық біліктілік тестілеуді (ҰБТ) тапсыру кезінде мәлімделген біліктілік санатына шекті деңгейді ала алмайқалуына байланысты аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес бір санатқа 2 педагог( Райымбекова Д, Тунгатаров А) төмендетілді. 

2022-2023 оқу жылының көктемдік кезеңіне аттестаттаудан өткізу үшін 14 мұғалім өтініш берді. Оның ішінде: 9 мұғалім педагог-модераторға (Тунгатаров А, Альденбаев Ж, Абдулаева Л, Тастанбеков Б, Ақжігітов ЯБ,Алиева А,Л, Базарбаева З.А, Дунаев Х.А, Шуратбаев Б.А, 2 мұғалім (Акжаргакова Ж.Н, Бахтыбекова Г.М) педагог-сарапшыға өтуге Ұлттық біліктілік тестілеуіне жіберілді. Ал өтініш берген 3 мұғалім (Тулегенова Ш.А, Жиенбекова Р.Е, Алдибекова С.Ж) еңбек өтілінің 30  жыл толуына байланысты тестілеуден босатылды.

           Қабілетті балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың аудандық, облыстық және республикалық (қашықтықтан) ойындарға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.

           Сонымен қатар, қабілетті баланы анықтап шығармашылық тұрғыда дамытуға араналған жұмыс түрлері жүргізілді. Атап айтқанда тамыз айында мектебімізде «Дарын» ОҒҚ құрылып, мүшелері бекіттілді. Сонымен қатар барлық пән мұғалімдердің қабілетті оқушылармен жұмыс жасау үшін арнайы жоспарлары жасалып, бекітілген.

          2022-2023 оқу жылының I жарты жылдығында мектеп оқушыларының мектепішілік, аудандық, облыстық және халықаралық  интеллектуалды олимпиадаларға қатысуы қанағаттанарлық деңгейде жоспарға сәйкес жүргізілді.

         «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық конкурсына Дәулетәлі Мәрлен қатысып жүлделі III орын алса, 9 сынып оқушысы Валиев Давид «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясы бойынша III орын алды.

          «#Bestвидео Туған өлке» атты аудандық қашықтықтан өткен үздік бейнероликтер байқауының «Өлкенің тарихи ескерткіштері мен заманауи архитектуралық нысандары» номинациясы бойынша 11 сынып оқушысы Дунаева Динара қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.

          Шу ауданының   білім бөлімінің 21 қыркүйек 2022 жылғы № 2285 хатына сәйкес ұйымдастырылған жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша XV Президенттік  олимпиаданың аудандық кезеңіне 11 сынып оқушылары Әуесбек Өркен Марленұлы және Дунаева Динара Хамитовна III дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

         Қараша айында «Жыл оқушысы» республикалық конкурсының аудандық кезеңіне 8 ә сынып оқушысы Русланқызы Әлфия қатысып, жүлделі III орын алды.


         Шу ауданының  білім бөлімінің 25  қаңтардағы 2023 жылғы № 44 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың ІІ кезеңі (аудандық) 2023 жылдың 30 қаңтар 3 ақпан күндері  Шу қаласындағы Төле би атындағы орта мектеп базасында  өтуіне байланысты мектепішілік бұйрық шығарылды.     

         Мектеп атынан аудандық кезеңге жолдама алған 10 оқушының тек 8-і қатысып, екі оқушы Алиева Амалия Мамедовна денсаулығына байланысты және Ахмедова Жасмин Тофиковна ҰБТ-ға қатысуына байланысты қатыса алмады. Олимпиданың нәтижесі төмендегі кестеге сәйкес шығарылды.

Қатысқан  оқушының аты-жөні 

Сыныбы 

Қатысқан күні, уақыты және пәні 

Жауапты мұғалімдер

Алған орны

Ескерту

1

Қаржаубай Олжас Қайсарбайұлы

11 ә

30.01.2023,

Сағ.10.00-12.30

Математика пәні

Кашкинбаева Гульзира Карсакбаевна

III орын


2

Надырова Саяна Исламовна

10 а

30.01.2023,

Сағ.10.00-12.30

Математика пәні

Гладченко Сауле Кульмурзаевна

III орын


3

Набиева Зина Алиевна

11 а

31.01.2023,

Сағ.10.00-12.30

Орыс сыныбындағы қазақ тілі және әдебиет

Рахимбаева Сымбат Нусупалина

I орын

Облыстық кезеңге жолдама алды.

4

Бақтияров Дарын Серикович

11 ә

31.01.2023, 

Сағ.13.00-14.00

Қазақстан тарихы

Базарбаева Зибаш Алтынбековна



5

Дунаева Динара Хамитовна

11 б

31.01.2023, 

Сағ.13.00-14.00

Қазақстан тарихы

Дунаев Хамит Аскерович

III орын


6

Алиева Амалия Мамедовна

11 а

31.01.2023, 

Сағ.15.00-17.00

Орыс тілі мен әдебиет

Алдибекова Сабыркул Женискызы


Денсаулығына байланысты қатыспады.

7

Надырова Алина Рашидовна

11 а

1.02.2023, 

Сағ. 10.00-12.00

География

Джанкулова Асель Сериковна



8

Каримова Гульпари Азизовна

10а

2.02.2023

Сағ. 10.00-13.00

Химия

Абдуллаева Ляззат Апрельбековна




9

Әуесбек Өркен Марленұлы

11 б

2.02.2023

Сағ. 10.00-13.00

Химия

Абдрахманова Дина Торехановна

III орын



ЖАЛПЫ ОРЫНДАР САНЫ




орын 

62,5 %



Қашықтықтан және сырттай өткізілген олимпиадаларға қатысу

Олимпиада атауы 

Қатысушылар саны 

Марапаттау 

1орын 

2орын 

3орын 

Мектепшілік олимпиада 9-11 

(8 пән бойынша) 

92 

10 

12 

15


Республикалық «Ақбота» олимпиадасы 

39

9

8

11

Халықаралық «Кенгуру-математика» олимпиадасы

35 оқушы

15

4

2

10 алғыс хат


«Өткенге қарап   басымызды иеміз,ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші бүгінгі бала-ертеңгі азамат.Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты-баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау.Білім беру мазмұнын жаңарту,үздіксіз білім беру жүйесін дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін  оқушыны ізденушілікке,өз бетінше жұмыс жасауға,бақылау мен зерттеуге,зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету.Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік  деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады.

«Дарын» ғылыми қоғамының мақсаты:  оқушылардың дарындылығын анықтау,іс –әрекетін ,дағдыларын шығармашылық тұрғыдан   қалыптастыру. 

Ғылыми қоғам   жетекшілерінің басты міндеті оқушыларды   жұмыс барысында  ғылыми –шығармашылық іс шараларға қатыстыру, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету, байқаулармен конференцияларға қатыстыру болды.

2022-2023оқу   жылының  қыркүйек айында ғылыми қоғамның мүшелеріне отырыс жасалынып, ғылыми жұмыстың жүргізілу ережелерімен таныстырылды.Мектепте  жалпы 2-11 сыныптар арасында 17 оқушы ғылыми жобаларын зертеу үстінде.

Қыркүйек   айында  пән бойынша  ғылыми   жұмыстарға  ұсынылған оқушыларға талдау жасалынып, оқушылардың  жұмысқа икемдіктері анықталып талданды.

Қараша айында ғылыми қоғамның  екнші отырысы   болып, ол отырыста екі мәселе қарастырылды.

1.Оқушылардың зерттеу жұмысы кезеңін ұйымдастыру.

А)-даярлық (1-4 –сыныптар)

Ә)-дамытушылық ( 5-7-сыныптар)

Б)Өзіндік зертеушілік  (8-11 сыныптар)

2.Мұғалімдерге бағыт-бағдар беру,өзектілігін анықтау.

Осы мәселелерді отырыста жетекшілер және әдістемелік бірестік жетекшілерімен бірге талқыланды.

        Мектепте әр сыныптан зерттеу жұмысына оқушылар алынып, сол оқушылармен    пән мұғалімдері зерттеу жұмысын жүргізу үстінде. Пән мұғалімдері  оқушылардың   зерттеуге деген қызығушылықтарын   сабақ беру барысында түрлі әдіс-тәсілдермен  дамыту үстінде. Оқушылардың басым бөлігінде   өздеріне деген сенімсіздіктің басым болуына қарай  зерттеуге көп қызыға бермейді. Алайда сол сенімсіздікті жеңу мақсатында  пән мұғалімдері үнемі жұмыс жасау керек. Сонымен қатар мектеп оқушылар аудандық жобаларға қатысып отырады.

Қыркүйек айында   оқушылар арасында аудандық  ғылыми жоба сайысына 8 “Ә”  сынып оқушысы  Беркін Жанерке тарих пәні бйынша, Русланқызы Альфия  биология пәні бойынша қатысып    жүлделі 3-і  орындарға иеленді. Сонымен қатар математика бағыты бойынша Надырова Саяна қатысып аудандық 3-і орынды иеленді.Жетекшісі 

Қараша айында химия пәні бағыты боынша 10 “А” сынып оқушысы Алиева Гульнара   “Экологиялық пирамида” ғылыми жобасынан аудандық кезеңінен жүлделі II орын және облыстық кезеңіненде жүлделі II орын иеленді.Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі: Абдуллаева Л.А. Осы аталған оқушылармен жетекшілердің жұмысын жақсы деп бағалауға болады.

mektep-direktoryny-eseb.docx [26,87 Kb] (cкачиваний: 18)
Посмотреть онлайн файл: mektep-direktoryny-eseb.docx