«Жалпыға бірдей білім беру» штабының атқарған жұмысы туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жалпыға бірдей білім беру» штабының атқарған жұмысы туралы мәлімет
10
декабрь
2018

«Жалпыға бірдей білім беру» штабының атқарған жұмысы туралы мәлімет

        2018-2019 оқу жылының басында «Жалпыға бірдей білім беру» штабы құрылып, штабтың іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай айына бір рет штаб отырысы өткізіліп, хаттамасы жазылып, анықтамалары тіркеледі.

            Жалпы «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы төмендегідей іс-шараларды қамтиды: 

1. Оқу жылының жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарын жасау; 

2. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту; 

3. Сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды анықтау; 

4. Тамыз, қыркүйек, қаңтар, наурыз айларында шағын мөлтек аудандарды аралау; 

5. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету; 

6. Рейд жұмыстарын жүргізу; 

7. «Мектепке жол»,«Қамқорлық» акцияларын өткізу. 

          ҚР-ның «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып  Ауылдық аймақтарда ауылдық аймақ әкімінің келісімімен мектептерге мөлтекаудандар бөлініп, оның шартты схемасы жасалып, схема мектепте көрнекті жерде ілініп тұр .Мөлтекаудандар бойынша жауапты мұғалімдер бекітілген.

Мектепке қатысты шағын мөлтек аудандар саны – 30, жалпы бала саны- 985, оның ішінде мектеп жасындағы оқушылар саны- 576, біздің мектепте- 327.Оқу жылы барысында 0-ден 18 жас аралығындағы балаларды есепке алуды әр мұғалім жеке дәптерлеріне тіркеп, жылына 4 рет тексеріп, №2 мөлтек аудан базасына өзгерістер енгізіп отырады. Мөлтек ауданы бойынша жауапты мұғалімдердің дәптерлерін айлық аяқталған соң, арнайы мектеп әкімшілігі тексеріп отырады. Оқушылардың қозғалыс есептері туралы есеп-мәліметтер әр тоқсан, жартыжылдық сайын, жыл сайын және жаз маусымында жүзеге асырылады. Тиісті кестелермен аудандық білім бөліміне өткізіледі. 

  Оқушылардың оқулықпен қамтылуы

      Биылғы 2018-2019 оқу жылында жаңа оқулықтармен 3,6,8 сыныптар қамтамасыз етілді. 

Биылғы жылы оқушылардың 100% пайызы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Жетіспеген оқулықтар ата-аналардың көмегімен және мектептермен 

оқулықтар ауыстыра отырып  түгенделді. 

Оқушылардың  ыстық тамақпен қамтылуы. 

          Мектепте оқу жылының басында оқушыларға ыстық тамақтың ұйымдастыру жөнінде бұйрық шығарылған. Тамақтың сапасын бақылау мониторингі комиссиясы құрылды. Жеткізілетін тамақ өнімнің сапасы, тағам дайындау технологиясына, асхана жабдықтарының жарамдылығы, өнімдердің және дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен олардың сақталуына мониторинг жүргізу комиссияның міндетіне кіреді. 

Биылғы оқу жылында 404 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде демеушілікпен-  394 оқушы, бюджет есебінен  жекелеген санаттағы аз қамтылған отбасынан шыққан 10 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.  Аталған 10 оқушының ішінде: жетім балалар-1, көпбалалы отбасынан шыққан АББ шешімімен енгізілген балалар саны-9. Және биылғы оқу жылының басынан бастап 1-сынып оқушылары (жалпы саны-50)бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды.Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік, тамақ ішетін кестесі ұйымдастырылған. Мектептегі тамақ АББ арнайы әзірленген ас мәзірі бойынша беріледі. Әр күннің ас мәзірі әртүрлі Оқушыларға күнделікті тамақты арнайы сертификаттаудан өткен аспазшы даярлайды. Аспазшы жылына екі рет медициналық тексеруден өтіп тұрады. Бракеражды журнал толтырылып, медбике және мектеп әкімшілігі тарапынан күнделікті тамақтын сапасы мен мөлшері күнде бақылауға алынған. Ата-ана және оқушы тарапынан тамақтың сапасы бойынша ешқандай шағым түскен жоқ. 

  

       Сондай-ақ, Жалпыға бірдей білім берудің басты бағыты-оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы болып табылады. Оқу жылының басынан бастап оқушылардың күнделікті сабаққа қатысуы қадағалануда. Әр күн сайын мектеп әкімшілігі сынып жетекшілерінің қатысуымен сыныптар арасында 

1 сабаққа дейін рейд жүргізеді. Рейдтің қорытындысы бойынша, егер себепсіз қалған оқушы болса, міндетті түрде сынып жетекшісі анықтап, кейін ол оқушыдан түсініктеме талап етіледі.Оқушылардың сабақты 

босатуының негізгі себептері:денсаулық жағдайына байланысты, әртүрлі байқаулармен, спорттық жарыстарға қатысу болып жатады. Әрине, бұл себептердің барлығының анықтамалары бар. Егер оқушы сабақты себепсіз 3-4 күн босатса, комиссия мүшелері тағайындалып, оқушының ата –анасымен кездесіп, үйіне барып акт жасалады. Комиссия мүшелеріне мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі және директордың тәрбие ісі орынбасарлары, мектеп инспекторынан құралады. Осы 2018-2019 оқу жылы барысында төмендегі оқушылардың үйіне барып,ата-аналарымен жұмыс жүргізілді: 

1.     Балаяев Ибрагим -9 «а»сынып 

2.     Мурадов Ширин -9 «б»сынып 

3.     Османов Рашид -9 «а»сынып 

4.     Гасанов Иса -9 «б» сынып 

5.     Хлопунов Александр-6 «б» сынып  

6.    Джафаров Ибрагим- 9 «ә»сынып 

7.    Садыков Мамед-  7«а»сынып 

Аталған оқушылардың 4-еуі «Қатерлі топтағы» балалардың тізіміне алынды. Аталған оқушылармен сынып жетекшілер, мектеп психологтары, әлеуметтік–педагог үнемі бақылауда ұстап, жеке жұмыстар жүргізуде. 

Сонымен қатар  сабақты көп босатқан оқушылардың ата-анасын мектеп әкімшілігімен шақыртылып, мектеп директоры, мектеп психологы және әлеуметтік педагогтың қатысуымен әңгіме жүргізілді. Шу аудандық ЖПҚ ЮПБ – де есепте тұрған оқушы жоқ. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдерденмобильді топ құрылып, олар аптасына 1 рет және мереке күндері Төле би ауылының саябақ, мейрамхана, кафе, компьютерлік клубтарына рейдтер ұйымдастырылады. Рейд нәтижесі қанағаттанарлық. Көшеде бейсауат түн мезгілінде жүрген жасөспірімдер анықталмады. Сабақтан себепсіз 10 күн немесе одан да көп уақыт сабаққа келмей жүрген балалар, ауылдық аймаққа ата-анасымен немесе ата-анасынсыз туыстарына көшіп келген балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қараусыз қалған балалар, денсаулығына байланысты келмей жүрген балалар туралы толық мәліметтер жазылып, әр айдың басында аудандық білім бөліміне мәлімет өткізіледі. 

       Жалпыға бірдей білім берудің бір тармағы- «Мектепке жол» акциясы. 

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдасқан түрде өткізілді. Көпбалалы, азқамтылған отбасы оқушыларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясы әр жылда 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады. Акцияның негізгі міндеті – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындауға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармай қалуын алдын алу. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.     Биылғы  акция  «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен  өтті. Ауылтұрғындарын, бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді, түрлі нысандағы кәсіпорын басшыларын, қоғамдық бірлестік пен  қиын жағдайға тап болған балаларға қол ұшын созатын азаматтарды  акцияға бей-жай қарамай, қолдау, көмек көрсетуге шақырылды.    Демеушілікпен мыныдай көмек түрлері көрсетілді:мектеп құралдары, киім-кешек, кеңсе тауарлары. Жалпы сомасы- 45000теңге. Ал, мектеп ұжымы 61000 теңге теңге жинап, 21 оқушыға көмек көрсетті.