Құқық бұзүшылықтың алдын алу онкүндігі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзүшылықтың алдын алу онкүндігі
03
декабрь
2018

Құқық бұзүшылықтың алдын алу онкүндігі

Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты тақырыбында 2018 жылғы 19-30 қараша аралығында өткізілетін

онкүндіктің мәліметі

 

       Онкүндіктің мақсаты- оқушылардың құқықтық мәдениетін, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенсиясының ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балалалардың заң талаптарын бұбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету.

          «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндіктің ашылуы жалпы оқушылар жиынында өтті. Жиын І, ІІ ауысымда өтті. Жиын барысында оқушыларға өздерінің құқықтары мен жауапкершіліктері жайлы мәлімет берілді. Сондай-ақ онкүндіктің жоспарымен таныстырылды.

           Жоспар бойынша 20.11-25.11 аралығында 1-11 сыныптар арасында «Бала құқығы-адам құқығы» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттар барысында сынып жетекшілер оқушылармен түрлі әдістерді қолдана отырып, өз құқықтары жайлы жан-жақты мағлұмат берді.

          22.11-25.11 аралығында мектеп тәлімгері И.Жанысбаева «Бала құқықтары жас суретшілер көзімен» атты балалардың шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Байқау оқушылардың жас ерекшелігіне орай екі бөлімге бөлінді. 1-бөлім бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы бойынша, 5-7 сынып оқушылары арасында плакат салу түрінде өтті. Байқауға жалпы саны-14 оқушы қатысты.1-бөлім бойынша  4-сынып оқушылары Тоқташбай Назерке, Алиев Асан,Ганжуев Мирза, 3-сынып оқушысы Кулиева Сабринаның суреттері үздік деп аталды.

           17.11 күні педагог-ұйымдастырушы Махмудова А. 8-11 сыныптар арасында «Мен және менің құқығым» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырып, өткізді. І орынды 9-сынып оқушысы Керимова Насиба, ІІ орын 8-сынып оқушысы Джафарова Зарина, ІІІ орынды 10-сынып оқушысы Назирова Хава иеленді.

           Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мектеп инспекторы Н.Топашевпен бірге «Қылмыс соңы-жаза» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында мектеп инспекторы оқушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

        Мектеп психологтары 5-11 сынып оқушылары арасында «Құқықтық сауаттылық- заман талабы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама қорытындысы қанағаттанарлық.

Онкүндік бойынша өткізілген іс-шаралар қорытындалып, мәліметі жинақталды.

 

Zhospary-y-10-kndk.doc [37,5 Kb] (cкачиваний: 14)
Посмотреть онлайн файл: Zhospary-y-10-kndk.doc