«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесін өткізу туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесін өткізу туралы
12
октябрь
2018

«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесін өткізу туралы

«Қазақстан халқы тілдері күні»  мерекесін өткізу туралы  мәлімет

 

           «Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы орта мектепте Тіл мерекесі «Тіл- татулық тірегі» тақырыбы аясында 05.-10.09.2018ж. аралығында іс-шаралар жоспары жасалынып, өткізілді.

          «Қазақстан халқы тілдері күнін» мерекелеудің мнегізгі мақсаты- Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қапыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктері осындай киелі қасиеттерімен тығыз байланысты екендігін насихаттау болып табылады. Осған орай, мектепте «Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні» тақырыбында қазақ тілі әдістемелік бірлестік мүшелері 9-11сынып оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өткізді. Қазақ , орыс, күрд тілдерінің мұғалімдері және тіл жанашырлары «Тілі бірдің, тілегі бір» тақырыбында конференция өткізді. Конференцияда мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі маңайындағы сұрақтар талқыланды.  «Ана тілім-ардағым» тақырыбында Тіл мерекесіне арналған қабырға газеттерінің байқауы болды. Күрд тілі пәнінің мұғалімдері «Родной язык-величие народа» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімдері «Мир в зеркале русскоо языка» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. Байқау жеңімпазы 10-сынып оқушысы Сардарова Данна атанды. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік орталығы «Бала тіл-бал» атты  2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау өткізді.   Аудандық «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауына  8-сынып оқушысы Алиева Сара қатысып, ІІІ орынды иеленді. «Тіл-халықтар достығының кепілі» тақырыбында 2-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

«Қазақстан халқы тілдері күні»  мерекесін өткізу туралы

 

«Қазақстан халқы тілдері күні»  мерекесін өткізу туралы

 

«Қазақстан халқы тілдері күні»  мерекесін өткізу туралы