«Қауіпсіз мектеп » аудандық акциясының өту барысы туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп » аудандық акциясының өту барысы туралы
20
сентябрь
2018

«Қауіпсіз мектеп » аудандық акциясының өту барысы туралы

              2018-2019 оқу жылы басталысымен  20 тамыз-20 қыркүйек аралығында  республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы  ұйымдастырылды. Осыған орай   Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің   20.08.2018 жылғы №601  бұйрығы негізінде «Қауіпсіз мектеп» республикалық   іс-шаралар акциясының мектепішілік  жоспары жасалды. Бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып  өткізілді. Акцияның   мақсатына сәйкес,  мектептің оқу сыныптары, мектеп асханалары, спорт залдарының  дайындығы, бейне бақылаулардың мектептерде жұмыс жасап тұруы , ғимараттардың өртке қарсы және эпидемиологиялық талаптарға сай  болуы жөнінде тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар  «Қауіпсіз мектеп» акциясының   аясында «Қызыл, сары, жасыл», «Қауіпсіз доңғалақ», «Жаяу жүргіншілерге арнау», «Сіздің жолаушыңыз-бала!», «Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға көмектес!», «Жол ережесін білесің бе?»  тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.

      5-8  сыныптар  оқушыларының  арасында  ІІБ-нің қызметкерлері аға лейтенант Н.Топашевпен бірге бірнеше  қауіпсіздік сабақтары өтті.

             Жол қауіпсіздігіне байланысты «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында болды. Байқауға жалпы саны- 18 оқушы қатысты. І орын- Әнепия Жания (5-сынып), ІІ орын-Кафарова Ислима (6-сынып), ІІІ орын- Аразова Дильназ (5-сынып). Оқушыларды мектепішілік оқушылар жиналысында мақтау қағазымен марапатталды.

            Сондай- ақ мектеп психологі С.Амреева «Бопсалау және басқа да қылмыстық фактілерді анықтау» бойынша оқушылар арасында жасырын сауалнама өткізді.Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен құқықбұзушылық шаралары бойынша нақты дерек байқалмады.

 7-8 сыныптары арасында « Жол қозғалысы қатысушыларын жолдағы мұқияттылыққа » шақыру бойынша флешмоб өткізді.

     «Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын - алу шараларының жұмыстары әрі қарай  жалғасын табады.