ҰБТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
22
апрель
2021

ҰБТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

«Әл -Фараби атындағы орта мектебі» КММ 2021 жылдың  22 –сәуір күні  11 -сынып оқушыларымен және ата-аналарымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналысқа ата-аналар,   мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты.

Күн тәртібінде электронды форматтағы ҰБТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы,жоғары  оқу орнына  білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті ұпай көлемдері сынды мәселелер қаралды.

Ағымдағы оқу жылында мектеп бітірушілер  Төле би ауылы, Д. Қонаев көшесі № 92 мекен жайында орналасқан USTUDY тест орталығында тапсыратындығы туралы айтылды.  Оқушылар мен ата - аналарға жоғары оқу орнына білім беру грантын тағайындау немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті ұпай көлемдері туралы слайд көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

        Сәуір айында өткізілген ҰБТ нәтижесі туралы пән мұғалімдері әр оқушының нәтижесін талдап,  осы мәселе төңірегінде ата-  аналармен оқушылардың пікірі тыңдалды.