АББ-нің ZOOM платформасы арқылы әдістемелік көмек » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АББ-нің ZOOM платформасы арқылы әдістемелік көмек
03
декабрь
2020

АББ-нің ZOOM платформасы арқылы әдістемелік көмек

Әл-Фараби атындағы орта мектебіне Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаеваның ұйымдастыруымен және білім бөлімнің әдістемелік кабинеті тарапынан бекітілген кестеге сәйкес 2020 жылдың 2 желтоқсанында санитарлық қағидаларды сақтай отырып, ZOOM платформасы арқылы әдістемелік көмек көрсетілді. Мүбарак Қасымқызы күнтәртібіндегі мәселелерді қатысушыларға таныстырып,мектептің алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алғы сөз айтты. Әдістемелік көмек барысында білім бөлімінің әдіскерлері С.Әметқызы және Ш.Тоқажаева мұғалімдерге қашықтықтан оқыту жағдайында платформаларды тиімді пайдалану, "Kundelik.kz", "Daryn.online" платформасы, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, Google дискте тапсырмалар құрастыру, педагог-психологтардың жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуы, ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді Мұғалімдер аталған тақырыптар төңірегінде өз көкейінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Әдістемелік көмек аяқталғаннан кейін мұғалімдер аталған тақырыптарды өзара талқылап, пікірталас жүргізді.   Мектеп ұжымы әдістемелік көмекті ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын айтып, алғыс білдіреді.