«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!» » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!»
04
октябрь
2020

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!»

       Әл-Фараби атындағы орта мектебіне «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: ОҚУШЫЛАРҒА КОМПЬЮТЕР, ПЛАНШЕТ, НОУТБУК СЫЙЛА!» акциясы аясында  мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен бөлінген қаржы есебінен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік әлсіз топтағы оқушыларға  қашықтықтан оқуға арналған планшет 10 дана, моноблок 7 дана, интернет желісіне үнемі шексіз қосылу үшін арналған роутер құрылғысы 25 дана берілді. Бүгінде аталған құрылғыларды пайдаланып отырған оқушылар мен олардың ата-аналары білім бөліміне және ұйымдастырып, таратушыларға өз ризашылықтарын айтып, алғыс білдірді. 

        Сонымен қатар «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында Шу ауданы білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаеваның ұйымдастыруымен  педагогтардың әлеуметтік статусын көтеру мақсатында еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасап, мектептің матералдық-техникалық базасын нығайту үшін мектепке бір бөлме жиһазы тарту етілді. Мектеп ұжымы аталған тартуды қабыл алып, ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.