ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!! » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14
март
2020

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Оқушылардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2019/2020 оқу жылының көктемгі каникулы 16 наурыздан 05 сәуірге дейін өзгертілді. ІІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ( бұдан әрі - ТЖБ) 12-14 наурыз аралығында әр мектепте жоспарланған кесте бойынша өткізіледі. Сонымен қатар әр пән бойынша бір күнде өткізілетін ТЖБ саны 3-4 тен аспауы тиіс.

Типтік оқу жоспарына сәйкес үшінші тоқсанда ТЖБ тапсыратын пәндер

саны:

1 сыныптарда- 4

2 сыныптарда-5

3 сыныптарда-6

4 сыныптарда-6

5-6 сыныптарда- 7

7 сыныпта-10

8-9 сыныптарда - 11

10-11 сыныптарда- 10.

Оқушыларға шамадан тыс салмақ түсіруге рұқсат етілмейді.

Осы аралықта ұзақ уақыт денсаулығына байланысты босатқан оқушылар ТЖБ 4-тоқсанның басында Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы 509 бұйрығы негізінде жеке кесте бойынша тапсырады.

Каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасын қадағалау ұсынылады.