Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар -27ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуі туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар -27ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуі туралы мәлімет
25
февраль
2020

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар -27ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуі туралы мәлімет

  Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу мақсатында перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылып, бақылау жұмыстары жүргізіліп, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес сараптамалық топ мектеп асханалары жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, бракераж комиссиясының тамақтануға қатысты құжаттарының рәсімделуіне зерделеу жүргізді.Мектеп асханасында "Ас болсын", "Астарыңыз дәмді болсын!", "Салауатты тамақтану", Асхана бұрышында перспективалық және апталық ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақытысы, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Ата-аналардың шағымдарымен ұсыныстары жазылған журнал жүргізілген.Тамақтың сапасын бақылау мониторинг комиссиясы құрылды. 2019-2020 оқужылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 67 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде  жалпыға бірдей қамту қоры есебінен  25 бала және бастауыш сыныпта, яғни 1-сыныпта оқитын білім алушылар саны-42 тегін ыстық тамақпен толық қамтылған.Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 

Оқу жылының басында бірінші сынып білім алушылары мен жалпыға бірдей қамту қоры есебінен тамақтанатын оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтып,ұйымдастыруға байланысты мектеп директорының №69 3.09.2019 жылғы бұйрығы шығарылған. Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға байланысты жұмыс жоспары құрылған.Ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары  "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығын басшылыққа алу арқылы іске асырылды.

«Мектеп асханасы» республикалық акциясы  аясындамектеп  асханасында «Асхана» қабырға стенді жағартылған, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырылды. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) және мониторинг комиссиясы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізілді. Бракеражды топқа мектеп әкімшілігінен, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог, ата-аналар мүшесі, аспазшы кіргізілген.

       Мектепте аптасына бір рет ата-аналарға арналған ашық есік күндері өткізілді.

Сонымен қатар жоспар бойынша, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған  оқушылардан «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама алынады. «Витаминдік тағамдар», «Тамақтану сауаттылығы», «Зат және энергия алмасу» тақырыбында оқушыларға баяндамалар оқылып, дәріс сабақтар өткізілді.

Асханада  40   оқушыға арналған орын бар. Жаңа заманауи талапқа сай жабдықталған.