"Өмірге ғашық жүрекпен"атты онлайн кездесу » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » "Өмірге ғашық жүрекпен"атты онлайн кездесу
12
November
2020

"Өмірге ғашық жүрекпен"атты онлайн кездесу

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Қазақстан балалары – күзгі интерактив!" Күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 12 қараша күні ДТЖО Тулегенова Шолпан Ахметовна,Шу аудандық "Рухани жаңғыру" жобалық офисінің менеджері Ердаулетова Гулім Дакеновна және педагог ұйымдастырушы Райымбекова Динара Батырбековнаның ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына арналған "Өмірге ғашық жүрекпен"атты онлайн кездесу өтті. Бұл кездесудің бас кейіпкері Паралимпиада құрамасының капитаны жүзүден, Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем бойынша 8үздік жүзүшілер қатарына кірген Зульфия Раухатовна Габидуллина. Зульфия Габидуллина 2014жылдың 23 қазанында жүзүші Инчхондағы Паразиялық ойындарда 1.44.33секунд нәтижесін көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 2015 жылы Глазго қаласында өткен әлем чемпионатында Зульфия Раухатовна екі қола жүлдені иеленді. 2016жылдың қыркүйек айында Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада Зульфия Габидуллина 100 метрлік қашықтықта еркін жүзү бойынша Егемен Қазақстан тарихындағы бірінші паралимпиадалық медальді сыйлады. 2016жылы Рио-ның үздік 3спортшы әйелдер тізіміне енді. 2016 жылы Германиядағы ашық чемпионат жеңімпазы. 2017 жылдың 10 шілде күні тірек- қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылар арасында жүзүден Германияның ашық чемпионатында Қазақстандық Зульфия Габидуллина 200метр қашықтықта еркін жүзү бойынша 03.26.65нәтижесімен әлем рекордын орнатты. 2017жылы 7желтоқсанда Зульфия Габидуллина Мексикада жүзүден әлем чемпионаты атанды және арнайы награда алды. II дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Зульфия Габидуллинамен өткен онлайн кездесу өте қызықты болды. Оқушылар өмірбаяны туралы, спортта жеткен жетістіктері мен марапаттары туралы көптеген сұрақтар қойды. Зульфия Габидуллина оқушыларға өмірде қандай қиыншылықтар болса да табанды, шыдамды, жігерлі, қайсар болуға шақырды. Ол өз сөзінде алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жетуде аянбай еңбек етіп, тер төгу керектігін өз өмірімен дәлелдеп берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулегенова Ш. А бұл соңғы кездесу емес, кездесудің бір ғана белесі деп айтып өтті. Кездесуге қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Main кейіпкеріміз Габидуллина Зульфия Раухатовнаға шығармашылық табыс, спортта жоғары жетістіктерге жетуге тілектерімізді білдірдік.