Ауған соғысының ардагерлерімен өткен кездесу туралы мәлімет » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Ауған соғысының ардагерлерімен өткен кездесу туралы мәлімет
14
февраль
2020

Ауған соғысының ардагерлерімен өткен кездесу туралы мәлімет

Әл - Фараби secondary school те  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды, атап айтқанда  Шамшура Алексей Иванович және  Шынарбеков Болыс Буралкиевич .Кездесуді мектеп  директоры Е.А. Нетаева  ашты.   Кездесу өте жоғары деңгейде  өтті.  9  Б және 8 В сынып оқушылары  әдеби музыкалық композиция дайындады. Оқушылар ауған  соғысы туралы өлеңдер оқыды, өте мазмұнды слайдтар көрсетілді.  10  сыныптың ұлдары ауған соғысындағы  жауынгерлердің хаттарын оқыды, «Анаға хат»  әнін   Мелісова Томирис  орындады. 8 және 9 сыныптың қыздары «Зажгите свечи» әніне  қойылым көрсетті.    Бастауыш сынып оқушыларының дайындаған тамаша билері   ардагерлер мен оқушыларға өте қатты ұнады.  Ауған соғысының ардагерлері Шынарбеков Б.Б. және Шамшура А.И. оқушыларға     өздерінің бастарынан кешкен   соғыс жайлы естеліктерін айтты.    Кеңес Одағы жауынгерлерінің Ауғаныстан аймағынан шығарылғанына  биыл 31 жыл толды. Кездесу соңында Шамшура А.И. және Шынарбеков Б.Б. жоғары сынып оқушыларына   автоматты жинаудан шебер класс көрсетті. Бұл кездесу оқушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатынына біз  сенеміз.