Кітапханаға саяхат » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Кітапханаға саяхат
01
November
2023

Кітапханаға саяхат

 Әл -Фараби secondary school тің 5 "Ә",6 "Ә" сынып жетекшілері А.А.Дүйсекеева мен Г.К.Кашкинбаева 31 қазан  күні күзгі демалыс кезінде "Кітап - ғажайып қазына" тақырыбында ауданымызда орналасқан кітапханаға саяхат жасады.Саяхаттың мақсаты- білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Орталық кітапханада оқырмандарға кітап беру бөлімінің кітапханашысы Абдыкадырова Ельмира оқушыларға кітапханада кітаптар қалай қойылады,кітаптардың түрлерін,кітапханаға жазылу үшін не керектігі туралы ақпарат берді.Кітапхана қызметкері Райымқұлова Айнұр оқушыларға Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабынан үзінді оқып, балалар да қызыға кітап оқыды.Саяхат қызықты өтті және оқушылар болашақта кітапханаға жиі келетіндерін айтты.