Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат
04
November
2021

Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат

Әл –Фараби secondary school тің  6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекші Г.К. Кашкинбаевамен бірге  1  қараша  күні күзгі демалыс кезінде «Кітап-ғажайып қазына» тақырыбында ауданымызда орналасқан  кітапханаларға  саяхат жасады. Саяхаттың  мақсаты – білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндір, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 
      Балалар кітапханасының  меңгерушісі Кішкенебаева Лаура Өсербекқызы    оқушыларды  бөлімде ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Ертегілер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Орталық кітапханада оқырмандарға кітап беру бөлімінің кітапханашысы Райымқұлова Айнұр Қырғызбайқызы оқушыларға кітапханада кітаптар қалай қойылады, кітаптардың түрлерін, кітапханаға жазылу үшін не керектігі туралы ақпарат берді. Оқушылар кітапты қалай қолдануын, өзіңді кітапханада қалай ұстау керектігі туралы сұрақтарға жауап берді. Саяхат қызықты өтті және оқушылар болашақта кітапханаға  жиі келетіндерін айтты.