«Парасатты отбасы» онлайн байқауының қорытындысы туралы » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » » «Парасатты отбасы» онлайн байқауының қорытындысы туралы
04
November
2020

«Парасатты отбасы» онлайн байқауының қорытындысы туралы

Әл-Фараби атындағы орта  мектепте  қазан айында  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында  «Шу -адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен  «Парасатты отбасы» онлайн байқауы ұйымдастырылды.  Мектепішілік «Парасатты отбасы» байқауына    әр сыныптан 1 отбасы қатысты. Ал мектепішілік байқауда көзге түсіп, жеңіп шыққан  7  отбасы      Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Адалдық  алаңы»   жобасы аясында ұйымдастырған «Парасатты отбасы» онлайн  байқауына   Шабанбаев, Дунаев, Беркін, Назиров, Тоқташбай, Шынболат, Рустем  отбасылары қатысты. Байқауға қатысқан  бұл отбасылар    әр түрлі номинацияларда  өздерінің бақтарын сынады. 16  қазан күні  М.Мақатаев атындағы  орта мектепте  Шу  ауданы  әкімдігінің білім бөлімінің басшысы  Жинақбаева Мүбарак Касымовна   аудандық кезеңге өткен  отбасылардың ішінен «Көптілді отбасы» номинациясымен Дунаевтар отбасын  және   аудандық кезеңде «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болған Шабанбаевтар отбасын марапаттады.  «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болған Шабанбаевтар отбасы  облыстық кезеңге жолдама алды.   Шынболат, Беркін, Тоқташбай, Назиров, Рүстем отбасылары «Алғыс хатпен»  марапатталды.  Мектеп директоры Е.А. Нетаева  жеңіске жеткен отбасыларды құттықтап, Алғыс хаттарын  салтанатты түрде табыстады. Мектеп ұжымы «Парасатты отбасы» байқауына қатысып, жеңіске жеткен отбасыларды шын жүректен құттықтайды.