Күзгі каникул кезінде балалардың демалысы туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі каникул кезінде балалардың демалысы туралы
16
ноябрь
2020

Күзгі каникул кезінде балалардың демалысы туралы

       Әл-Фараби  атындағы орта  мектебінде « Қазақстан балалары  - күзгі интерактив!» 2020-2021 оқу жылында каникул кезінде  балалардың демалысын,бос уақытын  және жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді.

Әл-Фараби  атындағы орта  мектебінде « Қазақстан балалары  - күзгі интерактив!» 2020-2021 оқу жылында каникул кезінде  балалардың демалысын,бос уақытын  және жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыру мақсатында 5 қараша күні жоспарға сәйкес  «Қайырымдылық –адам жанының нұры!», «Асар» челленджі  тақырыбында балалар отбасында қол ұшын беру мақсатында    мектеп оқушылары  игі істер атқарды.




9 қараша күні «Қазақстан –менің Отаным» балалар суретінің онлайн көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге бастауыш сынып оқушылары өз жұмыстарын  жолдады.

 





  10 қараша күні жоспарға сәйкес «Біз  талантты Отбасымыз», «Дарындар әлемі!»  (ән,би,шешендік өнер )бағыты бойынша 5-6сынып арасында  челлендж  ұйымдастырылды.
 

 


 

 11 қараша күні 6 сынып оқушылары  ауданымыздың танымал тұлғасы   Қали Қораласбаевпен   онлайн   видеоконференцияөткізілді.Онлайн кездесу өте тартымды және тамаша өтті.ҚалиҚораласбаев оқушыларды өзінің туындыларымен таныстырды.Шығармашылық жетістіктерін айтып өтті.

 


 


 

 12 қараша күні ДТЖО Тулегенова Шолпан Ахметовна Шу аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық  офисінің менеджері Ердаулетова Гулім Дакеновна және педагог ұйымдастырушы Райымбекова Динара Батырбековнаның  ұйымдастыруымен 8-11сынып оқушыларына арналған  «Өмірге ғашық жүрекпен»атты онлайн кездесу өтті.Паралимпиада құрамасының капитаны жүзүден,Қазақстан  Республикалық  Халықаралық деңгейдегі спорт иегері, әлем бойынша 8 үздік жүзүшілер қатарына кірген Зульфия Раухатовна Габидуллинамен онлайн видеоконференцияұйымдастырылды.Онлайн кездесу өте тартымды және қызықты өтті.

 


 


 

 12 қараша күні «Мен туымды мақтан етемін» атты тақырыбында  5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу  челленджі ұйымдастырылды. Қазақ елінің кішкене азаматтары Қазақстан Республикасының  рәміздерін қастерлеп, қорғай білетіндігіне өз үлестерін қосты.

 


 


 

 13 қараша күні жоспарға сәйкес 5-6 сынып оқушыларының арасында «Біз бақытты Отбасымыз !» тақырыбында бейнероликтер жасалынып   өткізілді. 5 «А»сынып оқушысы МахамматоваАмина өзінің «Бақытты Отбасы» бейнеролигін ұсынды. Бейнеролигі өте тамаша және тақырыпқа сай жасалынған.

 


 


 

 13 қараша күні  «Табиғат сырлары»тақырыбында өз шығармашылықтарын дамыту мақсатында ертегі жазу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар экологиялық мәдениетін қалыптастыру туған елдің табиғатын аялауға, қорғауға, өз жерін  аймағы мен ауылын сүюге, тәрбиелеу қоғамдық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Аудандық «Табиғат сырлары» тақырыбындағы  ертегілер байқауында  5 сынып оқушысы Гасанов Исмаил  жүлделі ІІ орынға ие  болды.

 


 


 

 14 қараша күні бастауыш сыныптар аралығында «Күз мәнері » тақырыбында мәнерлеп оқу, «Шебер қолдар» қолөнер байқауы және  «Ғажайып күз »атты тақырыптарында сурет байқаулары өткізілді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


 


 

 16 қараша күні жоспарға сәйкес «Мен және менің құқықтарым» , «Мой счастливый  дом» тақырыбында  педагог  ұйымдастырушы Райымбекова Динара Батырбекқызы мен  аға тәлімгер Иманбаева  Дамира Балтагуловнаның ұйымдастыруымен  5-6 сыныптар арасында сурет салу байқауы өткізілді.Оқушылар белсене қатысып алғыс хаттармен марапатталды.

 


 


 



 

 14 қараша күні жоспарға сәйкес «Өзіңді  қорға » тақырыбында құқық қорғау ұйымдары қызметкерлері Шу АПБ  ЮПТ  аға инспекторы ,полиция майоры  У.Х. Нурматов пен  Шу АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Б.ЖабаспаевпенДҚТІЖО С.Н. Рахимбаеваның ұйымдастыруымен 8-11 сыныптар арасында онлайн кеңес берілді.

 


 


 

14 қараша күні бастауыш сынып оқушылары «Шебер қолдар» қолөнер онлайн көрмесі  өткізілді. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 


 

 














Оқушылардың күзгі демалысы өте қызықты  ұйымдастырылды.  Әр сынып жетекші  өз оқушыларымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.