АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!! » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!
13
May
2020

АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!

Коррупция деген ұғым ежелгі тарихтан белгілі. Ол туралы Аристотель, әл-Фараби сияқты философтар өз заманында жазып кеткен. «Коррупция» деген – заң термині емес, этимологиялық жағынан бұл латынның сөзі «бұзу» немесе «сатып алу» деген ұғымды білдіреді. Енді жалпы ұғым бойынша коррупция – әлеуметтік жағымсыз әрекеттердің жиынтығы. Қазіргі кезде коррупция әрбір мемлекетке тән, әлемдік ауқымдағы проблемаға айналып отыр.     

       Шу ауданы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әкімішілігі Сіздерге, Zhambyl region əкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 4 мамырдағы шығыс № 02-2082 хатын және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 5 мамырдағы шығыс №05-4193 хатын негізге ала отырып, төмендегіні хабарлайды:

        2019-2020 оқу жылының аяқталуына байланысты және ағымдағы жөндеу жұмыстарына сәйкес, мектепте әкімшілік тарапынан педагогтер мен қызметкерлерден, оқушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақша жинауға жол берілмейтіндігін ескертеді.

      Мектебімізде ата – аналардан сынып пен бөлмелердің тазалығын сақтауға, жөндеу жұмыстарына, құрал – жабдықтарды, жаиһаздарды сатып алуға, педагогтарға сыйлық беруге, мерекелерге байланысты іс – шараларға және басқа да мақсаттарда ақша жиналMayтындығы, сонымен қатар ата – аналар комитеті мүшелері арасында да заңсыз ақша жиналмауын қатаң қадағалаймыз

        Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып бүгінге дейін жойылMay отырған қауіпті кеселдің бірі. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі  басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу.

        Баршамыздың басты міндетіміз заңсыз ақша жинау фактілері мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. Осы орайда оқу жылы соңында мектеп бітіру кештері, аттестат тапсыру, UNT-ге қатысу т.б. мақсаттарда мектеп түлектері тарапынан ұстаздарға сыйлық жасауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз!

        Құрметті ата-аналар! Әлемде орын алып жатқан індетке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында биылғы оқу жылын аяқтау, аттестат құжаттарды тапсыру рәсімі ерекше жағдайда жүргізілуіне түсіністікпен қарап, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз!

         Сондай-ақ, биыл оқу жылын аяқтау бойынша мерекелік кеш, ойын-сауық құруға және қалаға, ауыл сыртына саяхатқа, табиғатқа сериуенге шығуға қатаң түрде тыйым салынатындығын ескертеміз!

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 87025580528; 87755266443 жедел байланыс номерлеріне және 87025309954 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады!

Сіздерді түсіністікпен қарап, сабырлық танытуға шақырамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы  орта мектебінің əкімшілігі.