Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата-аналарға жадынама » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата-аналарға жадынама
17
April
2020

Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы ата-аналарға жадынама

 

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Құрметті ата – аналар!

 

Бұл жадынама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болMayды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:

 

  • Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болMayды;Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болMayды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
  • Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болMayды;
  • Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болMayды;
  • Далада жалғыз жүруге болMayды, әсіресе кешкілік уақытта;
  • Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болMayды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
  • «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болMayды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.

  Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!

 

Жасөспірімге  үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:

 

  • Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
  • Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
  • Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;

 

Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса, жасөспірімдер  келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:

  •  Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
  • Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда барMayмын;
  • Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын. 

  •