2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » 2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы
28
August
2022

2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы


Жаңа  2022-2023   оқу жылының  басталу  қарсаңында Әл-Фараби secondary school әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін   сақтай отырып, сапалы оқу үдерісін   қамтамасыз  ету үшін барлық жағдайды жасап жатқанын хабарлайды.

Оқу процесі төрт мектептің базасында өтеді – М. Әуезов ат. орта мектебі (0-4 сыныптар), Е. Бекмаханов ат. мектепимназиясы  (6-7 сыныптар), Өнер мектебі (5-6 сыныптар), Техникалық шығармашылық орталығы - (8-11 сыныптар).

Барлық   мектеп ғимараттарында Әл Фараби мектебіне бөлінген  оқу кабинеттері жаңа оқу жылына дайын.  Қажетті парталармен, тақтамен, жиаздармен жабдықталған.  Әл Фараби мектебі  жаңа оқу жылына оқушыларды  қабылдауға толығымен дайын.

Әуезов мектебінің  ғимаратында оқитын  бастауыш сынып оқушылары тасымалдаумен қамтамасыз етіледі. Бірінші ауысымда 1-2 сыныптар, ал  екінші ауысымда  3-4 сыныптар оқиды. Бастауыш сынып мұғалімдері кезекшілік кестесіне сәйкес оқушыларды газельмен Әуезов мектебінің ғимаратына алып келіп, сабақ біткен соң    алып кетеді.  Оқушылардың күнделікті  тасымалдауын   мектеп директоры Е.А.Нетаева қатаң бақылауда ұстап отырады. Тасымалдау кезінде оқушылардың қауіпсіздігі  басты назарда болады.

1 қыркүйек  Білім күніне арналған салтанатты жиын   сағат 8.30 Техникалық шығармашылық орталығында өтеді. Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты   жиынға  1-11 сынып  оқушылары   қатысады.