07
October
2019
Республикалық Экологиялық сағат
Әл -Фараби secondary school те Республикалық Экологиялық сағат ұйымдастырылды. Сынып жетекшілер 1-4 сыныптар арасында «Егер жер алма болса», 5-9 сыныптар арасында «Жердің температурасы бар», 10-11 сыныптар арасында «Мұхиттар қауіпті жағдайда» атты тақырыптарда экологиялық сағат өткізді. 8-9-10 сыныптар арасында биология пәнінің мұғалімдері Абдрахманова Д.Т. және Есикбаева А.М. «Қазақстанның экологиялық проблемалары: өзен, көлдер экологиясы» атты экологиялық сағат өткізді. Сағат 12 –де 5-11 сыныптың оқушылары ағаштар отырғызды. Бірінші ағашты мектеп директоры Нетаева Е.А. отырғызды.