«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық сынып сағаты туралы » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық сынып сағаты туралы
21
August
2020

«Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан жалпы республикалық сынып сағаты туралы

Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының тұжырымдамасын негізге ала отырыпӘл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың  тамыз айының 21 күні «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» атты тақырыпта сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен бірыңғай қашықтан  жалпы республикалық сынып сағаты өткізілдіСынып сағатына мектеп оқушылары және ата-аналар  қатысты. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілер коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар етіп, оқушыларға арнайы тақырып бойынша дайындалған жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Оқушылар сынып сағатында талқыланған тақырыптарға фото сурет, бейне ролик арқылы кері байланыс берді. Жалпы республикалық сынып сағаты қашықтан zoom, күнделік кз платформалары және ватцап желісі   арқылы жүргізілді. Сынып сағатының  өткізілуі туралы ақпарат мектеп сайтына және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.

Сынып сағатының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.

Сынып сағатында қаралған сұрақтар:

1.         Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. 

2.         Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.

3.         Мен және менің денсаулығым.

4.         Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.

5.         Интернетте жұмыс істеу ережелері