«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет
ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылдың31-ші наурыздағы №:121 бұйрығының негізінд Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сынып ата-аналарын ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 2-ші сәуірінде сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптарының және 1-4 бастауыш сыныптарының,сағат 12.00 де 5-9 сыныптарының, сағат 14.00 де 10-11 сыныптарының ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысының міндеттері:
- әрбір мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін;
- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әр түрлі практикалық және теориялық білім мен іскерлік дағдыларын;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарын білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологтарының арнайы слайд арқылы дайындаған психологиялық ұсыныстары берілді.
Бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналыстарының форматы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) электрондық журналдар мен күнделіктер жүйелеріндегі чаттар, форумдар kundelik. kz,zoom платформасы және сондай-ақ, Whatsapp,Google Hangoutsжүйелері арқылы жүргізілді.