16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген іс - шаралар туралы мәлімет. » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген іс - шаралар туралы мәлімет.
13
December
2019

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген іс - шаралар туралы мәлімет.

6- 13  желтоқсан аралығында Әл Фараби атындағы орта мектепте  Тәуелсіздік мерекесіне байланысты   іс -шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоғары сынып оқушыларына  «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» атты деректі фильм көрсетілді. «Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз»   тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Дунаев Х.А. және Тайшабарова А.С.  8-9   сыныптар арасында «Тәуелсіздік   - елімнің еркін жолы»  тақырыбында дәрістер өткізді.  Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері    5-8  сыныптар арасында «Тәуелсіз елім -  кең байтақ жерім»  тақырыбында спорттық жарыстар  ұйымдастырды. 1-11 сыныптар арасында «Ел аңсаған тәуелсіздік»  тақырыбында   тәрбие сағаттары өткізілді.  13  желтоқсан күні   8 Ә, 8 А сыныптың оқушылары  сынып жетекшілер Рахимбаева С.Н. және Тайшабарова А.С.  «Тұғыры биік, тамыры терең Тәуелсіздік»  атты мектепішілік   іс- шараны ұйымдастырды. Бұл әдеби - музыкалық композиция өте жоғары деңгейде өтті.