16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың мәліметі. » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың мәліметі.
19
December
2018

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың мәліметі.

Желтоқсанның 10-15 аралығында мектепте  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған апталық өтті.    16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік   күніне арналған іс-шаралар жоспары  жасалып, бекітілді.

10 -15 желтоқсан аралығында мектепте жоспарға сай  іс –шаралар  өткізілді.       Мектептің фойесінде  «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды.  Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері осы мерекеге орай волейболдан, пионерболдан, баскетболдан жарыс  ұйымдастырды.  

Тарих пәнінің мұғалімдері   Тайшабарова А.С. және Дунаев Х.А.  жоғары сынып оқушыларының  арасында «Тәуелсіздік- ата-бабаның ғасырлар бойы арманы»   тақырыбында  дөңгелек үстел  ұйымдастырды. 10-11  сыныптың сынып жетекшілері  Гладченко С.К. Аскерова Н.Ф.  «Символ стабильности государства» тақырыбында интеллектуалдық ойын –жарыс ұйымдастырып, өткізді.  6  сыныптың сынып жетекшілері  Джанкулова А.С., Сағырбаев Қ.Н. 

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мектепшілік кеш ұйымдастырып, өткізді. Осы кеште мектебіміздің  аға тәлімгері Жанысбаева И.С. мектептің үздік  оқушыларын Жас ұлан Жас қыран ұйымдарына қабылдады. Осы мереке Қазақстан телеарнасынан «Елден хабар» бағдарласында көрсетілді.  Кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.   

 

 

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне   арналған  іс-шаралардың мәліметі.