Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын
01
сентябрь
2023

Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын

Шу ауданы Әл Фараби атындағы орта мектебінде Білім күніне орай «Мектебім - мейрім мекені» тақырыбында салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жиынға Жамбылская область білім басқармасы басшысының орынбасары Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы мен ардагер ұстаздар қатысып, оқушылар мен ата -аналарға жылы лебіздерін білдірді. Мектеп директоры Нетаева Ельмира Аяғанқызы салтанатты жиынды ашып, мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып бүлдіршіндерді, ұстаздар мен оқушыларды, ата - аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, келер оқу жылында мектеп оқушылары мен ұстаздарға толағай табыстар білдірді. Салтанатты жиында мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндер өздерінің құттықтауларын жолдады. 1-сынып бүлдіршіндердің алғашқы қоңырауы соғылып, алғашқы сабаққа шығарып салынды. Бүлдіршіндердің алғашқы сабағына Жамбылская область білім басқармасының басшысы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлы қатысып, оқушыларға жақсы тілектерін білдірді. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Әділетті Қазақстан : сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаттарын өткізілді.