2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » 2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы
28
август
2022

2022-2023 оқу жылының ұйымшылдықпен басталуы туралы


Жаңа  2022-2023   оқу жылының  басталу  қарсаңында Әл-ФарабиСредняя школа имени әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігін   сақтай отырып, сапалы оқу үдерісін   қамтамасыз  ету үшін барлық жағдайды жасап жатқанын хабарлайды.

Оқу процесі төрт мектептің базасында өтеді – М. Әуезов ат. орта мектебі (0-4 сыныптар), Е. Бекмаханов ат. мектепимназиясы  (6-7 сыныптар), Өнер мектебі (5-6 сыныптар), Техникалық шығармашылық орталығы - (8-11 сыныптар).

Барлық   мектеп ғимараттарында Әл Фараби мектебіне бөлінген  оқу кабинеттері жаңа оқу жылына дайын.  Қажетті парталармен, тақтамен, жиаздармен жабдықталған.  Әл Фараби мектебі  жаңа оқу жылына оқушыларды  қабылдауға толығымен дайын.

Әуезов мектебінің  ғимаратында оқитын  бастауыш сынып оқушылары тасымалдаумен қамтамасыз етіледі. Бірінші ауысымда 1-2 сыныптар, ал  екінші ауысымда  3-4 сыныптар оқиды. Бастауыш сынып мұғалімдері кезекшілік кестесіне сәйкес оқушыларды газельмен Әуезов мектебінің ғимаратына алып келіп, сабақ біткен соң    алып кетеді.  Оқушылардың күнделікті  тасымалдауын   мектеп директоры Е.А.Нетаева қатаң бақылауда ұстап отырады. Тасымалдау кезінде оқушылардың қауіпсіздігі  басты назарда болады.

1 қыркүйек  Білім күніне арналған салтанатты жиын   сағат 8.30 Техникалық шығармашылық орталығында өтеді. Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты   жиынға  1-11 сынып  оқушылары   қатысады.