Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы
02
ноябрь
2020

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы

1-30 қазан аралығында  Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлығы өтті. 2-4 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар, түрлі байқаулар ұйымдастырылды.  Мектептің акт залында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып,  «Күз мәнері» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Шебер қолдар» қолөнер байқауы және «Ғажайып күз»  атты сурет байқаулары ұйымдастырылып, оқушылар өз бақтарын сынады. «Шебер қолдар» байқауында Бас  жүлдеге 4 Ә сынып оқушысы Каримова Айша ие болды. І орынды 3 Ә сынып оқушысы Меліс Нұрлыайым, Төлеубек Аяулым және 4 Ә сынып оқушысы Әнепия  Адиля  иеленді. «Күз мәнері»  мәнерлеп оқу байқауында Бас жүлдені  3 Ә сынып оқушысы Бектұрған Ерсұлтан иеленсе, 1 орын 3 Ә сынып оқушылар  Желдібай Зулейхан,  Емберді  Айдана және 4 Ә сынып оқушысы Әнепия Адиля  мен Төрехан Айжанға  бұйырды. «Ғажайып күз»  сурет байқауында Бас жүлдені  4 Ә сынып оқушысы Төрехан Айжан иеленді.  1 орынды  Ғалымжанұлы Әділ, ал 2 орынды Тауасар Санжар мен Совет Әнуар иеленді. Байқау өте қызықты өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.