«Қауіпсіз каникул» ата-аналарға арналған жадынама » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қауіпсіз каникул» ата-аналарға арналған жадынама
26
май
2023

«Қауіпсіз каникул» ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың 55%-дан астамы жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды. 

 

Жолда абай бол!

Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды. Жасөспірімге  жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз. 

Жасөспірімге  көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз:жасөспірімнің  жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз. 

 

Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн: 

Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін. 

Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс. 

Егер жасөспірімдер өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз. 

 

СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ –  СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ   АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

 

Жасөспірімнің ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар. 

Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.