"Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » "Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс
06
March
2023

"Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс

Municipal public institution, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімдері 3-наурыз күні  8 наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесіне орай "Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс  өткізді. Өткізілген сайыс 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру. Өз өнері. Сұрақ-жауап. Қолөнері. Ас мәзірі. Мақсаты: ата- ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз бен ата-ананың бірлескен жұмысын жандандыру. Сайыс барысында аналар алдымен өзін таныстырумен бастады. Одан әрі қарай кезең- кезеңімен шарттарды орындап өз өнерлерін ортаға салды. Аналарымыздың дайындап келген қолөнері, сұрақ-жауабы, ас мәзірі, қала берсе өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Атап айтар болсақ,   Алдашбек  Айжан, Башеева Нұрсұлу, Сатаева Меруерт ерекше дайындықпен келіп көпшіліктің ықыласына бөленді. Сайыскерлер бірінен- бірі озып тамылжыта ән салып, күмбірлетіп би билеп сайысты қызықтыра түсті. Сайыс соңында аналарымызға мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. А. Тулегенова сөз сөйлеп аналарға жылы лебізін білдіре отырып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Сайыс қызықты да тартымды өтті.