Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем. » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем.
17
March
2023

Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем.

Түркі тілдес халықтарға ортақ мейрам деп есептелетін Наурыз мейрамы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ұжымы мен оқушылары  үшін орны бөлек, ерекше думан. Мектеп ауласында "Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем" тақырыбында үлкен іс- шара өткізілді. Сахна мен мектеп ауласы мерекеге сай безендіріліп, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-кhouseберіп тұрды.   Іс-шара үш кезеңнен тұрды: 
1. Мерекелік концерт
2. Ұлттық спорт ойындар
3. Қазақтың дастарқаны- наурыз көже.
Мерекелік іс-шараны Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қ.Райымбеков ашып, ұстаздармен оқушыларды наурыз  мерекесімен құттықтады. Ары қарай мерекелік концерт Қыдыр атаның батасымен басталып, шашу шашылып,  "тұсау кесу" дәстүрімен жалғасын тапты. Сондай-ақ, ұлттық киімдегі өнерпаз оқушылар "наурыз" туралы әсем әндер шырқап, мың бұралған бишілер әсем билерін тарту етті. Оқушы қыз-жігіттер сахна төрінде айтысып, қойылымды қыздыра түсті. 
Мерекелік іс-шараның 2-бөлімі спорттық ойындармен жалғасты. Палуан ұстаздар гір тастарын көтеріп жарысса, басқа ұстаздар мен қонақтар арқан тартысып жарысты. Жеңімпаздар марапатталып, барлық жиналған көпшілік ақ дастарқанға отырып, "наурыз көжеден" дәм татты. Осылайша Ұлыстың ұлы күні өзінің сән-салтанатымен жоғары деңгейде аталып өтті.
[media=https://www.facebook.com/100085926759904/videos/pcb.1279915329400226/156109110666350]