11
September
2019
Саттар Естемесовтың 100 жылдығына арналған іс - шаралар туралы
Мектебімізде Саттар Естемесовтың 100 жылдығына арналған іс - шаралар жоспары жасалды. Жоспар бойынша барлық сыныптарда Саттар Естемесовтың 100 жылдығына арналған тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар Шу ауданының азаматы Совет Одағының Батыры атағын иеленген Саттар Естемесов атамыз туралы көптеген мәлімет жинады. Мектеп оқушылары Шу қаласында орналасқан Саттар Естемесов атамызға арналған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойды, ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған өлеңдерін оқыды.