"Қауіпсіз интернет" кампаниясы туралы » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » "Қауіпсіз интернет" кампаниясы туралы
05
April
2019

"Қауіпсіз интернет" кампаниясы туралы

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2019 жылғы 4-17 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» кампаниясы өткізілуде. Кампания  аясында  4 сәуір күні    9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сынып  жетекшілері Альденбаев Жаныбек, Киргизбаева Айгул, Исмаилова Дамира сынып оқушыларымен «Интернет: иә және жоқ» тақырыбында мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Галия Бахтыбековамен кездесу өткізілді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат беру.          

Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес»– деп атап кетті.  Кездесу өте жақсы деңгейде өтті, оқушыларға қатты ұнады.

 

 

 

 

 

5 сәуір күні    8 «Ә», 9 «Ә» сынып  жетекшілері Джуманбаева Аида, Киргизбаева Айгул сынып оқушыларымен «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебат өткізді. Мақсаты:Schoolchildren интернет туралы толық ой қалыптастыру,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Білімгерлер  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дебат барысында сынып оқушылары екі топқа бөлінді: Яндекс тобы даттаушы және Google тобы жақтаушы. Дебатқа мектебіміздің психологы Ұлдана Райымбаева мен физика пәнінің мұғалімі Гульзакира Жаникулова төрелік жасады. Дебат оқушыларға ұнады, жақсы деңгейде өтті.


 

 

 

 

Сонымен қатар, бастауыш сыныптарында «Интернет және біз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.