2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау
31
March
2023

2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

«Zhambyl region әкімдігінің білім бақармасы Municipal public institution  

Әл-Фараби атындағы орта мектебі»   КММ 

 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа оқушыларды  қабылдайды


 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

1 сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші (еркін нысанда) негізінде мынадай құжаттарды ұсына отырып қабылданады: 

- өтініш; 

- денсаулық жағдайы туралы анықтама, №065у нысан; 

- баланың денсаулық паспорты 026 / у-3; 

- өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана). 

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматтандырылған. 

Бұл мемлекеттік қызметті орта білім беру ұйымдары бір жұмыс күні ішінде көрсетеді. 

1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады.

Бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты орта білім беру ұйымы ағымдағы жылдың 25 тамызынан кейін жариялайды.

Қосымша сұрақтар бойынша +7 775 907 8806, +7 747 729 6053 нөмерлеріне хабарласа аласыздар!