Республикалық ата-аналар конференциясы туралы » Әл-Фараби secondary school
Zhambyl region
Municipal public institution
"Әл-Фараби secondary school "
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72638) 31789
Version for
visually impaired
» » Республикалық ата-аналар конференциясы туралы
08
September
2018

Республикалық ата-аналар конференциясы туралы

2018 жыл 8 қыркүйегінде Әл- Фараби атындағы  орта мектепте Ата- ана  «Өз балаңа үлгі бол» атты ата -ана конференцисы     өтті. Конференцияға бірінші сынып оқушыларының ата -аналары қатысты.  Барлығы 35 ата- ана қатысты.  Бірінші болып  мектеп директоры  Е.А. Нетаева сөз алды. Мектеп директоры ата аналар мен конференцияға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, конференцияның жұмысына табыс тіледі. Нұр Отан партиясының өкілі Жаникулова З.М.  ата -аналардың алдында сөз сөйледі.  Ол өз сөзінде мемлекеттің оқушыларға көрсетіп жатқан көмегі туралы айтты. Мектеп психологы Касымбекова М.Ж.  1- сынып ата -  аналарына слайд   арқылы  психологиялық кеңес берді.   Ол өз сөзінде мектептің  бірыңғай мектеп формасы туралы және сонымен қатар әр түрлі діни ағымдардағы киімдерді киюге қатаң тыйым салынғаны   туралы айтты. Психолог Касымбекова өз сөзінде бала өміріндегі отбасы маңыздылығын, баланы үнемі назарада ұстау керектігін және интернеттің қауіптілігін сөз етті.

Психолог Амреева С.С. орыс сыныптарында оқитын 1-сынып оқушы ата –аналарына кеңесті орыс тілінде берді. Ата –аналар  комитетінің төрайымы Гасанова Расмия да өз сөзінде бұл конференцияның ата аналарға қажеттілігін және маңыздылығын атап өтті. Конференцияны мекеп директоры Е.А. Нетаева қорытындылады. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

 

 

Республикалық ата-аналар конференциясы туралы

 

 

 

Hattama.doc [33,5 Kb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: Hattama.doc