» » Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

 
 
 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 26-02-2020, 01:19, посмотрело: 90

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде  "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша әр аптада жүргізілген іс-шаралар қорытындысы мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.Жоспарға сәйкес 22-і ақпан күні ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнінде ата-аналар балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын бақылады. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор.Мектеп асханасына күнделікті сараптамалық комиссия бақылау жүргізді.  Бақылау барысында мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрды.Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздың сыртқы киім үлгісі ,барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.

Сонымен қатар жоспар бойынша, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама алынды.

Категория: Ыстық тамақ

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.