Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 18-27 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 26-02-2020, 01:19, посмотрело: 93

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде  "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша әр аптада жүргізілген іс-шаралар қорытындысы мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды.Жоспарға сәйкес 22-і ақпан күні ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнінде ата-аналар балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын бақылады. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор.Мектеп асханасына күнделікті сараптамалық комиссия бақылау жүргізді.  Бақылау барысында мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрды.Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздың сыртқы киім үлгісі ,барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі: ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады.

Сонымен қатар жоспар бойынша, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама алынды.

Категория: Ыстық тамақ

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қаңтар -27ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы өткізілуі туралы мәлімет

Автор: admin от 25-02-2020, 13:06, посмотрело: 82

0

  Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу мақсатында перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылып, бақылау жұмыстары жүргізіліп, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес сараптамалық топ мектеп асханалары жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, бракераж комиссиясының тамақтануға қатысты құжаттарының рәсімделуіне зерделеу жүргізді.Мектеп асханасында "Ас болсын", "Астарыңыз дәмді болсын!", "Салауатты тамақтану", Асхана бұрышында перспективалық және апталық ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақытысы, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Ата-аналардың шағымдарымен ұсыныстары жазылған журнал жүргізілген.Тамақтың сапасын бақылау мониторинг комиссиясы құрылды. 2019-2020 оқужылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 67 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде  жалпыға бірдей қамту қоры есебінен  25 бала және бастауыш сыныпта, яғни 1-сыныпта оқитын білім алушылар саны-42 тегін ыстық тамақпен толық қамтылған.Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады.

Оқу жылының басында бірінші сынып білім алушылары мен жалпыға бірдей қамту қоры есебінен тамақтанатын оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтып,ұйымдастыруға байланысты мектеп директорының №69 3.09.2019 жылғы бұйрығы шығарылған. Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға байланысты жұмыс жоспары құрылған.Ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары  "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығын басшылыққа алу арқылы іске асырылды.

«Мектеп асханасы» республикалық акциясы  аясындамектеп  асханасында «Асхана» қабырға стенді жағартылған, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырылды. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) және мониторинг комиссиясы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізілді. Бракеражды топқа мектеп әкімшілігінен, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог, ата-аналар мүшесі, аспазшы кіргізілген.

       Мектепте аптасына бір рет ата-аналарға арналған ашық есік күндері өткізілді.

Сонымен қатар жоспар бойынша, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған  оқушылардан «Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбында сауалнама алынады. «Витаминдік тағамдар», «Тамақтану сауаттылығы», «Зат және энергия алмасу» тақырыбында оқушыларға баяндамалар оқылып, дәріс сабақтар өткізілді.

Асханада  40   оқушыға арналған орын бар. Жаңа заманауи талапқа сай жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Информация, Ыстық тамақ

 
 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 10-17 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 17-02-2020, 01:18, посмотрело: 79

0

Ашық есік күндері аптасына бір рет ата-аналар келіп, балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын көрді. Арнайы жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ас адамның арқауы», «Тамақтану сауаттылығы», «Зат және энергия алмасу» тақырыптарында дәрістер, сынып сағаттары өткізілді. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.Акция аясында « Ашық есік» күндеріне келген ата аналардың қатысуымен «Тамақтану сауаттылығы» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, кеңес берілді. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар екендігі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасатындығы, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі екендігі айтылды. Ата-аналардың тарапынан /Мектептегі тамақтаң берілуі, тамақтың мөлшері, жемістер мен көкөністердің сақталуы/ туралы сауалдар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Балалардың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттектерге және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды.

Категория: Ыстық тамақ

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 3-7 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 8-02-2020, 01:16, посмотрело: 70

0

Мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесі
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде мониторинг және бракераждық комиссиясы құрылған, бұйрықпен бекітілген, сонымен қатар арнайы іс шаралар жоспары бойынша жұмыс жасады. Комиссия әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алды. Күнделікті бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалады. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылады. Барлық сараптама нәтижелері арнайы бракераждық журналдарға толтырылды.«Мектеп асханасы» республикалық акциясы барысында Шу аудандық ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы мектепте перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне бақылау жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесі мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесінің талапқа сай жүргізілгенін көрсетті.

Категория: Ыстық тамақ

 
 

Мектеп асханасындағы ашық есік күні

Автор: admin от 1-02-2020, 15:03, посмотрело: 93

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің асханасында 2020 жылдың 30-шы қаңтар күні ата-аналарға арналған ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнінде ата-аналар ас мәзірімен танысып,ыстық тамақтың ұйымдастырылуын көрді.

 

 

 


 


Категория: Мектеп өмірі, Ыстық тамақ

 

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 27-31 қаңтар аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 31-01-2020, 01:15, посмотрело: 44

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу мақсатында перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитарлық жағдайы азық-түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне ведомствоаралық сараптамалық комиссия құрылып, бақылау жұмыстары жүргізіліп, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес сараптамалық топ мектеп асханалары жұмысымен танысып, осы саладағы бір қатар өзекті мәселелерді анықтап, бракераж комиссиясының тамақтануға қатысты құжаттарының рәсімделуіне зерделеу жүргізді.Мектеп асханасында "Ас болсын", "Астарыңыз дәмді болсын!", "Салауатты тамақтану", Асхана бұрышында перспективалық және апталық ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақытысы, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Ата-аналардың шағымдарымен ұсыныстары жазылған журнал жүргізілген.


Категория: Ыстық тамақ

 
 
 
Назад Вперед