Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат
04
ноябрь
2021

Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат

Әл –ФарабиСредняя школа имени тің  6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекші Г.К. Кашкинбаевамен бірге  1  қараша  күні күзгі демалыс кезінде «Кітап-ғажайып қазына» тақырыбында ауданымызда орналасқан  кітапханаларға  саяхат жасады. Саяхаттың  мақсаты – білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндір, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 
      Балалар кітапханасының  меңгерушісі Кішкенебаева Лаура Өсербекқызы    оқушыларды  бөлімде ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Ертегілер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Орталық кітапханада оқырмандарға кітап беру бөлімінің кітапханашысы Райымқұлова Айнұр Қырғызбайқызы оқушыларға кітапханада кітаптар қалай қойылады, кітаптардың түрлерін, кітапханаға жазылу үшін не керектігі туралы ақпарат берді. Оқушылар кітапты қалай қолдануын, өзіңді кітапханада қалай ұстау керектігі туралы сұрақтарға жауап берді. Саяхат қызықты өтті және оқушылар болашақта кітапханаға  жиі келетіндерін айтты.