ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ
Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.