Обращение к выпускникам Министра образования и науки РК Асхата Аймагамбетова » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » Обращение к выпускникам Министра образования и науки РК Асхата Аймагамбетова
31
март
2022

Обращение к выпускникам Министра образования и науки РК Асхата Аймагамбетова

Құрметті түлектер! 
Екі айдан кейін мектепті аяқтап, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар.
Мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарыңыз сіздерге білім мен тәрбиені қатар үйретті. Ата-аналарыңыз да үнемі кеңестерін айтып, дұрыс жол сілтеп отырды. Енді бойларыңызға сіңген осы қасиеттерді пайдаланып, өмірлеріңіздегі жауапты шешімді қабылдайсыздар.
Әрине, сіздер үшін алғашқы маңызды емтиханның бірі - ол ЕНТ. Бірақ ЕНТ өмірдегі ең жеңіл, оңай сынақтың бірі екенін айтқым келеді.
Оқушылардың ЕНТ-дан қиындықсыз өтуі үшін қосымша шараларды қабылдадық.
  1. ЕНТ-ны электронды форматқа көшіріп, оны барынша әділ еттік. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге кедергі келтірмеуі керек. Себебі бұл шара ЕНТ-ның әділ және ашық өтуі үшін енгізілді.
  2. ЕНТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл жұмысқа әріптестеріміз көп күш-жігер жұмсаса да, бірақ ол түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретінін білеміз.
  3. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілді.
  4. Енді тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.
  5. Биыл сіздерге ЕНТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл сіздердің әлсіз тұстарыңызды талдауға және білімдеріңізді жетілдіруге көмектеседі.
  6. Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15%-ға өсті.
  7. Жақсы жаңалық та бар.  Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ЕНТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ЕНТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол.
Қымбатты түлектер! ЕНТ сынағынан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!
Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?"- деп те ойлап жүрген боларсыздар?
Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:
Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.
Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.
Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.
Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.
Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.
Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын.
Енді болашақ мамандықты таңдауға қатысты да айта кетейін. Жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты қабылданған шешім қате екенін есте сақтаңыз.
Оқу мен кәсіптің 3 түрі үлкен әлеуетке ие деп ойлаймын:
  1. Жас мұғалім. Қазір бұл мамандық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Елімізде жақсы мұғалімдерге сұраныс өте жоғары. Қазір жалақы да, даму мен мансаптық өсу мүмкіндіктеріне де жағдай жасалған. Сонымен қатар осы бағытқа 9,5 мың грант бөлініп, ең жоғары стипендия тағайындалады, одан бөлек, жалақы жыл сайын 25%-ға өсіп отырады.
  2. Жас инженер. Президент техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап өткен болатын. Мықты инженер болсаңыз, онда сіз кез келген жерде бәсекеге қабілетті боласыз. Өздеріңіз білетіндей, жүздеген жас қазақстандық Google, Amazon және әлемге әйгілі басқа да компанияларда жұмыс істейді.
  3. Жас ғалым. Қазақстан ғылымы қарқынды дамып келеді. Отандық ғалымдар QazVac вакцинасын жасады. Сондай-ақ жас ғалымдар бүкіл әлем бойынша ғылыми жарыстарда алдыңғы орындарда. Олардың жобаларына шетелдік компаниялар серіктестік ұсынып жүр. Одан бөлек, біз ғалымдарға барынша қолайлы жағдай жасап жатырмыз. Атап айтқанда, ғылыми гранттар бөлу, шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту және т.б. Сіздердің араларыңыздан да Сәтбаев ісін жалғастырушы мықты ғалым шығуы әбден мүмкін.
Құрметті түлектер!
Сіздерге Жаңа Қазақстанды құруға тамаша мүмкіндік беріліп отыр.
 Сіздердің идеяларыңыз, мақсаттарыңыз бен талпыныстарыңыздың арқасында еліміз одан әрі дами түсетініне сенімдімін.Қандай жағдай болсын, жоғары кәсіби мамандар әрқашан сұранысқа ие. Осыны естен шығармаңыздар.
Еңбекқорлық пен сүйікті іспен айналысуға деген талпыныс болса, теміржолшы болып та жұлдыз атануға болады.
Өзіңізге және күш-жігеріңізге сеніңіз. Білімнің асуларын бағындырып, ізденуден талмаңыз. Уақытты босқа өткізбеуге тырысыңыз. Оны жаңа білім мен дағдыны үйренуге жұмсаңыз.
Главнаясы өмір жолыңызда қандай қиындықтар туындаса да, оның барлығын жеңуге болатынын әрдайым есіңізде ұстаңыз.
Білім және ғылым министрі  Асхат Аймағамбетов 


Дорогие выпускники! 
Уже через два месяца вы завершите обучение в школе, и в вашей жизни начнётся новый этап.
Вы будете принимать более самостоятельные, ответственные и судьбоносные решения, используя знания, навыки и советы, которыми с вами заботливо делились учителя и родители.
Одним из первых серьезных экзаменов станет сдача ЕНТ. Со всей ответственностью скажу, ЕНТ - один из самых легких экзаменов в жизни.
Тем более, что для этого мы приняли следующие дополнительные меры.
  1. Перевели ЕНТ в электронный формат и сделали процедуру максимально честной. Установленные камеры, система прокторинга и трансляция не должны смущать вас. Эта мера необходима для справедливых результатов.
  2. ЕНТ проходит не один раз в год, а четыре раза. И пусть это стоит немалых усилий наших сотрудников, но мы знаем, что это минимизирует ваши переживания и дает сразу несколько возможностей поступить в вузы.
  3. Создали специальные условия и для детей с особыми потребностями. С этого года добавили им дополнительные 40 минут для выполнения заданий, которые к тому же теперь без рисунков, схем и диаграмм.
  4. Для удобства калькуляторами разрешается пользоваться уже на постоянной основе.
  5. В этом году вы получите не только информацию о баллах на ЕНТ, но и тематический анализ результатов по каждому предмету. Это позволит вам проанализировать свои слабые стороны и подтянуть знания.   
  6. Благодаря поддержке Президента у вас теперь больше возможностей получить грант. В этом году выделено на 15 тысяч грантов больше, и на 15% увеличивается размер стипендии.
  7. Ну, и самая хорошая новость. Я вижу тысячи ваших «тэгов» в Инстаграм с просьбами дать возможность сдавать ЕНТ для поступления на грант не один, а два раза. При принятии решений для нас главный приоритет - интересы школьников. Поэтому и в этот раз мы приняли решение в вашу пользу, и у вас будут две попытки сдать ЕНТ и поступить на грант. Это снизит эмоциональную нагрузку и напряжение.
Желаю достойно сдать ЕНТ, проявить выдержку, набрать высокие баллы и получить грант.
Наверняка вы также думаете над тем, какой вуз выбрать, и где лучше учиться?
Вот несколько моих советов.
Первое. Ознакомьтесь с позицией вуза в рейтинге работодателей, кадровым составом, условиями обучения.
Второе. Посмотрите, по какой программе предстоит обучаться. Названия специальностей могут звучать одинаково, но содержание может существенно различаться. По опыту лучших мировых практик мы внедрили Реестр образовательных программ вузов, он доступен каждому.
Третье. Оцените репутацию вуза. Сейчас вуз выдает дипломы своего образца. И имеет важное значение не корочка диплома, а реальные знания, которые дает вуз.  
Четвертое. Обратите внимание на аккредитацию вуза. Если она получена в сильнейших аккредитационных организациях, то, как правило, это залог хорошего качества.
Пятое. Важно, чтобы при выборе университета вас не привлекали сомнительная дешевизна обучения или возможность не посещать занятия. Это может обернуться тем, что, потратив деньги и время, вы получите диплом, который не будет признан работодателями.  
Шестое. Рекомендую выбрать казахстанский вуз. Поверьте, несмотря на все, не побоюсь этого слова, мифы, культивируемые про наши университеты, они намного превосходят многие вузы ближнего зарубежья.  
Теперь что касается выбора будущей профессии. Помните, что решение, принятое из-за удобного проходного балла или из-за других сиюминутных факторов, неправильное.  
Лично я считаю, что большую перспективу имеют 3 трека обучения и карьеры.
  1. Молодой учитель. Сейчас эта профессия стала гарантом стабильности. Спрос на хороших учителей один из самых высоких в стране. Сейчас на хорошем уровне и зарплаты и возможности для развития и карьерного роста. Ну, и еще среди приятностей – 9,5 тысяч выделенных грантов, самая высокая стипендия,  ежегодное повышение заработной платы на 25%. И, разумеется, благодарные глаза ребенка.   
  2. Молодой инженер. Наш Президент лично подчеркнул важность технических специальностей. С хорошим образованием инженера вы будете конкурентоспособны в любой точке мира. Сотни молодых казахстанцев работают в Google, Amazon и других компаниях с мировым именем.   
  3. Молодой ученый. Наука Казахстана активно развивается. Наши ученые создали вакцину QazVac. Молодые ученые выигрывают научные конкурсы по всему миру. Их разработки экспортируются в другие страны, и им предлагают сотрудничество зарубежные компании. Мы создаем много условий для ученых. Научные гранты, стажировки в мировых научных центрах и т.д. Кто-то из вас вполне мог бы стать продолжателем дела К.Сатпаева.
Дорогие выпускники!
Вам предоставлена уникальная возможность строить Новый Казахстан.
Уверен, что ваши идеи, цели и стремления обязательно найдут воплощение в развитии нашей страны.  
Знайте,       что,  несмотря    на      непредсказуемость           будущего, высокопрофессиональные кадры востребованы всегда.  
Можно работать железнодорожником и стать мировой звездой. И все благодаря труду, стремлению и увлечению любимым делом.  
Верьте в себя и в свои силы и не останавливайтесь на пути к знаниям.
Не растрачивайте время впустую. Конвертируйте время в новые знания и навыки.
И помните – какие бы трудности ни возникали на вашем жизненном пути, все они преодолимы.
Асхат Аймагамбетов, Министр образования и науки РК