ЕНТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » ЕНТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
22
апрель
2021

ЕНТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

«Әл -Фараби атындағы орта мектебі» КММ 2021 жылдың  22 –сәуір күні  11 -сынып оқушыларымен және ата-аналарымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналысқа ата-аналар,   мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты.

Күн тәртібінде электронды форматтағы ЕНТ тестілеуді ұйымдастыру және өткізу туралы,жоғары  оқу орнына  білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті ұпай көлемдері сынды мәселелер қаралды.

Ағымдағы оқу жылында мектеп бітірушілер  Төле би ауылы, Д. Қонаев улица № 92 мекен жайында орналасқан USTUDY тест орталығында тапсыратындығы туралы айтылды.  Оқушылар мен ата - аналарға жоғары оқу орнына білім беру грантын тағайындау немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті ұпай көлемдері туралы слайд көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

        Сәуір айында өткізілген ЕНТ нәтижесі туралы пән мұғалімдері әр оқушының нәтижесін талдап,  осы мәселе төңірегінде ата-  аналармен оқушылардың пікірі тыңдалды.