«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет
03
апрель
2020

«Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан ата-аналар жиналысы туралы мәлімет

ҚР Білім және ғылым министрінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылдың31-ші наурыздағы :121 бұйрығының негізінд Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сынып ата-аналарын ақпараттандыру мақсатында ағымдағы жылдың 2-ші сәуірінде  сағат 10.00 де мектепалды даярлық сыныптарының және 1-4 бастауыш сыныптарының,сағат 12.00 де 5-9 сыныптарының, сағат 14.00 де 10-11 сыныптарының ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай жүргізіледі?» атты тақырыпта бірыңғай қашықтан  ата-аналар жиналысы өткізілді.

 Ата-аналар жиналысының міндеттері:                

- әрбір мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін;

- балаларды қашықтықтан оқыту процесінде қажет болуы мүмкін әр түрлі практикалық және теориялық білім мен іскерлік дағдыларын;

- Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарын білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Ата-аналар жиналысы барысында мектеп психологтарының  арнайы слайд арқылы дайындаған психологиялық ұсыныстары берілді.

Бірыңғай қашықтан  ата-аналар жиналыстарының форматы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) электрондық журналдар мен күнделіктер жүйелеріндегі чаттар, форумдар kundelik. kz,zoom платформасы және сондай-ақ, Whatsapp,Google Hangoutsжүйелері арқылы жүргізілді.